Қазақстан мен Саха арасында әуе рейсі ашылады

© Sputnik / Владислав ВодневҰшақ, архивтегі фото
Ұшақ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пен Саха республикасының басшысы Айсен Николаев Якутск – Новосібір – Астана және Якутск – Новосібір – Алматы әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастыруға келісті.
Тараптар сондай-ақ "Якутия" озық даму аймағында өндірілетін ұзақ уақыт жанатын пештерді Қазақстанға импорттау жайын талқылады.
ИИДМ басшысы бауырлас республикамен жемісті әріптестік орнайтынына сенім білдіріп, Саха инвесторларын бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.
Ал Николаев өз республикасының экономикалық әлеуетін таныстырып, оның ішінде азаматтық авиация, жер қойнауын игеру және өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ зергерлік-қырлау кластер бөлігінде тиімді әріптестікті нығайтуға ниетті екенін айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Жаңалықтар
0