https://sputnik.kz/20230126/mekteptegi-kikilzhin-turkistan-oblysynda-mugalim-ozine-qol-zhumsamaq-boldy-31474053.html
Мектептегі кикілжің: Түркістан облысында мұғалім өзіне қол жұмсамақ болды
Мектептегі кикілжің: Түркістан облысында мұғалім өзіне қол жұмсамақ болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім сірке суын ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға... 26.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-26T12:40+0500
2023-01-26T12:40+0500
2023-01-26T12:40+0500
мұғалім
сарыағаш
https://sputnik.kz/img/479/60/4796038_0:490:1997:1613_1920x0_80_0_0_c853e3c601aacb61d88f7a8cb828cf66.jpg
АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім сірке суын ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаменті.Оқиға 20 қаңтарда болған. Полицейлердің айтуынша, ол әріптестерінің арасында болған кикілжіңге бола осындай әрекетке барған. Жәбірленуші полицияға берген арызында "әріптестерім намысыма тиді" деп жазған.Сарыағаш аудандық аурухана дәрігерлері науқастың қазіргі жағдайы тұрақты дейді."Науқас терапия бөліміне жатқызылды. Ауыз қуысы күйіп, созылмалы бүйрек ауруы өршген, оған қоса орташа деңгейде қан аздық ауруына шалдыққан деген диагноз қойылды. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық", - дейді Сарыағаш аудандық ауруханасы терапия бөлімінің меңгерушісі Құралай Әбілмәжінова.Қазіргі таңда полиция "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша істі тіркеді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.
сарыағаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/479/60/4796038_0:303:1997:1800_1920x0_80_0_0_0a9f372dd61fff6b6cb09ba7d544bd00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, сарыағаш
Мектептегі кикілжің: Түркістан облысында мұғалім өзіне қол жұмсамақ болды
АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім сірке суын ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлады
Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаменті.
Оқиға 20 қаңтарда болған. Полицейлердің айтуынша, ол әріптестерінің арасында болған кикілжіңге бола осындай әрекетке барған. Жәбірленуші полицияға берген арызында "әріптестерім намысыма тиді" деп жазған.
Сарыағаш аудандық аурухана дәрігерлері науқастың қазіргі жағдайы тұрақты дейді.
"Науқас терапия бөліміне жатқызылды. Ауыз қуысы күйіп, созылмалы бүйрек ауруы өршген, оған қоса орташа деңгейде қан аздық ауруына шалдыққан деген диагноз қойылды. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық", - дейді Сарыағаш аудандық ауруханасы терапия бөлімінің меңгерушісі Құралай Әбілмәжінова.
Қазіргі таңда полиция "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша істі тіркеді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.