https://sputnik.kz/20230126/koktemgi-egis-zhumystaryn-qarzhylandyruga-otinim-qabyldau-bastaldy-31472033.html
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Биыл республикалық бюджеттен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл... 26.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-26T11:14+0500
2023-01-26T11:14+0500
2023-01-26T11:14+0500
егістік
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17140098_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_5d80400dbe08f23b14115c18e464094e.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Биыл республикалық бюджеттен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.Жеңілдетілген кредитті фермерлер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы рәсімдей алады."Аграрлық несие корпорациясына" қаржы 70 млрд теңгеден екі траншпен жіберілетін болады. Бірінші транш қазір аударылды, екінші транш ақпан айында аударылады.Қаржыландыру бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне тікелей кредит беру, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді және микроқаржы ұйымдарды қорландыру арқылы жүзеге асырылады.Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі мынадай:2023 жылы бағдарламаның шарты бойынша кредиттеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды. Айта кетері, бұрын кредиттеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектеліп келген болатын.Бюджеттік қаржыландыру есебінен кемінде 2 миллионектар егіс алқабын қамту жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17140098_909:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_9761d62f67490328a7d4c92c142cfb78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егістік
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Биыл республикалық бюджеттен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Жеңілдетілген кредитті фермерлер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы рәсімдей алады.
"Аграрлық несие корпорациясына" қаржы 70 млрд теңгеден екі траншпен жіберілетін болады. Бірінші транш қазір аударылды, екінші транш ақпан айында аударылады.
Қаржыландыру бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне тікелей кредит беру, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді және микроқаржы ұйымдарды қорландыру арқылы жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі мынадай:
банк кепілдігі арқылы тікелей кредит алатын болса, жылдық мөлшерлеме 1,5%-дан аспайды;
кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер қаржыландырған кезде жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды.
2023 жылы бағдарламаның шарты бойынша кредиттеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды.
Айта кетері, бұрын кредиттеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектеліп келген болатын.
Бюджеттік қаржыландыру есебінен кемінде 2 миллионектар егіс алқабын қамту жоспарланып отыр.