https://sputnik.kz/20230126/byltyr-qogamdyq-kenestin-komegimen-183-lauazymdy-tulga-zhazaga-tartyldy-31476167.html
Былтыр қоғамдық кеңестің көмегімен 183 лауазымды тұлға жазаға тартылды
Былтыр қоғамдық кеңестің көмегімен 183 лауазымды тұлға жазаға тартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің өтініштері негізінде былтыр мемлекеттік сатып алу рәсімін бұзған... 26.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-26T13:01+0500
2023-01-26T13:01+0500
2023-01-26T13:01+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1270/33/12703380_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_479fb168f0b73a32973c42e6aac696ff.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің өтініштері негізінде былтыр мемлекеттік сатып алу рәсімін бұзған 183 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл туралы қоғамдық кеңестің мүшесі Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, былтыр мемлекеттік сатып алуда 20 млрд теңгеден астам сомаға заңбұзушылық анықталған. Көп жағдайда шенеуніктер сатып алуды жоғары бағамен жүзеге асыруға тырысқан."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 29 млрд теңгеден астам ақша үнемдеді. Соның ішінде 2,1 млрд теңгеден астамы біздің күшімізбен анықталды. Анықталған заңбұзушылықтардың көбі – тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзу. 2022 жылдың қорытындысы бойынша біздің өтінішіміз негізінде барлығы 183 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Смағұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Түрлі лауазымдағы басшыларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 517 хаттама жасалды. Олар өз еркімен 122 млн теңгеден астам айыппұл төледі.Сонымен қатар, Антикордың қоғамдық кеңесі жол саласындағы заңбұзушылықтарды да анықтауға көместескен.Смағұлов автожолдарда 271 нысанға рейд жасалғанын, нәтижесінде 84 жол бөлігі мердігер есебінен жөнделгенін мәлімдеді.Сондай-ақ рейд нәтижесі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалған, жауапты органдардың 12 өкіліне айыппұл салынды.Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық салдарымен ғана емес, оның алдын алу шараларын жүргізу бойынша да жұмыс басталды."Бұл саладағы мәселелер мемлекеттік органдармен талқыланғаннан кейін Ресейден жол битумы тікелей әкелінетін болды. Бұл бірқатар делдал монополисті айналып өтуге, сондай-ақ нарықта қолайлы бәсекелестік тудыруға септігін тигізеді. Шындығына келсек, ең қарапайым есептеулер бойынша делдалдық фирмалар жол салушыларға арналған битумды қайта сатудан жылына 454 млрд теңге табыс тапқан", - дейді Смағұлов.Қоғамдық кеңес индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетімен бірлесіп, заңнаманы жетілдіру бағытында ауқымды жұмыс атқарған. Қазір қолданыстағы заңнамаға көптеген өзгеріс енгізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1270/33/12703380_278:0:1815:1153_1920x0_80_0_0_7b9d567099005c67bdd50762aa1b9a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің өтініштері негізінде былтыр мемлекеттік сатып алу рәсімін бұзған 183 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл туралы қоғамдық кеңестің мүшесі Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, былтыр мемлекеттік сатып алуда 20 млрд теңгеден астам сомаға заңбұзушылық анықталған. Көп жағдайда шенеуніктер сатып алуды жоғары бағамен жүзеге асыруға тырысқан.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 29 млрд теңгеден астам ақша үнемдеді. Соның ішінде 2,1 млрд теңгеден астамы біздің күшімізбен анықталды. Анықталған заңбұзушылықтардың көбі – тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзу. 2022 жылдың қорытындысы бойынша біздің өтінішіміз негізінде барлығы 183 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Смағұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Түрлі лауазымдағы басшыларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 517 хаттама жасалды. Олар өз еркімен 122 млн теңгеден астам айыппұл төледі.
"Сондай-ақ біздің өтініштеріміз бойынша 2022 жылдың ішінде 42 қылмыстық іс тіркелді. Олардың көбі сыбайлас жемқорлық сипатында. Осы істер және басқа да өтініштер аясында заңсыз төленген 250 млн теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылды", - деді қоғамдық кеңес мүшесі.
Сонымен қатар, Антикордың қоғамдық кеңесі жол саласындағы заңбұзушылықтарды да анықтауға көместескен.
Смағұлов автожолдарда 271 нысанға рейд жасалғанын, нәтижесінде 84 жол бөлігі мердігер есебінен жөнделгенін мәлімдеді.
Сондай-ақ рейд нәтижесі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалған, жауапты органдардың 12 өкіліне айыппұл салынды.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық салдарымен ғана емес, оның алдын алу шараларын жүргізу бойынша да жұмыс басталды.
"Бұл саладағы мәселелер мемлекеттік органдармен талқыланғаннан кейін Ресейден жол битумы тікелей әкелінетін болды. Бұл бірқатар делдал монополисті айналып өтуге, сондай-ақ нарықта қолайлы бәсекелестік тудыруға септігін тигізеді. Шындығына келсек, ең қарапайым есептеулер бойынша делдалдық фирмалар жол салушыларға арналған битумды қайта сатудан жылына 454 млрд теңге табыс тапқан", - дейді Смағұлов.
Қоғамдық кеңес индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетімен бірлесіп, заңнаманы жетілдіру бағытында ауқымды жұмыс атқарған. Қазір қолданыстағы заңнамаға көптеген өзгеріс енгізіліп жатыр.