Бұрынғы McDonald's мейрамханалары Қазақстанның тағы бірқатар қаласында ашылады

© SputnikВ Алматы на бывших зданиях McDonald's появилась вывеска "МыОткрыты"
В Алматы на бывших зданиях McDonald's появилась вывеска МыОткрыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2023
Жазылу
НовостиTelegram
АЛМАТЫ, 26 қаңтар - Sputnik. Алматы, Қарағанды және Қостанай қалаларында 26-27 қаңтарда McDonald's-тың 4 мейрамханасы қайта ашылады. Бұл туралы McDonald's брендімен фаст-фуд желісін басқарған "Food Solutions KZ" ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
"Мейрамханалардың жұмысы осыған дейін қабылданған сапа мен қызмет көрсетудің барлық жоғары стандарттарын, сондай-ақ бизнесті жүргізудің құндылықтары мен принциптерін ескере отырып жалғасады", - дейді Food Solutions KZ компаниясының өкілдері.

Мейрамханалар қайда ашылады?

Алматыда:
MEGA Park - Мақатаев көшесі, 127/1, Сейфуллин даңғылы, 483;
Мамыр – Мамыр-4, 197;
Атакент - Тимирязев көшесі, 38/3;
Ақсай – Ақсай шағын ауданы-2, 8 а.
Қарағандыда: Бұқар Жырау даңғылы, 75/14.
Қостанайда: Тәуелсіздік көшесі, 41.
Айта кетсек, 23 қаңтарда Алматыда 13 мейрамхананың бесеуі есігіне"Біз ашықпыз" деп жазып қойғаны хабарланды.
Ал 25 қаңтарда Астанада бұрынғы McDonald's мейрамханалар желісі ашыла бастады.
Қазақстанда McDonald's ("Food Solutions KZ" ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты қараша айының ортасында жұмысын тоқтатты, өйткені франчайзер ресейліктерден ет сатып алуға тыйым салды.
Ал ауыл шаруашылығы министрлігі McDonalds өкілдері қазақстандық өнімге көшуге дайын болғанын, алайда бұл үшін жергілікті жеткізушілерге тиісті қымбат сертификаттар алу қажет екенін айтты. Процедуралар аудиттен басталып, сертификаттау ұзақ уақытқа созылатындықтан мейрамханалар жұмысын тоқтатты.
Естеріңізге салайық, Қазақстанда McDonald's брендімен алғашқы мейрамхана 2016 жылы ашылды. Кейін Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында 24 мейрамхана есігін айқара ашты.
Жаңалықтар
0