https://sputnik.kz/20230126/astanada-uqk-nin-eki-qyzmetkeri-ustaldy-31474572.html
Астанада ҰҚК-нің екі қызметкері ұсталды
Астанада ҰҚК-нің екі қызметкері ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Астана қаласында қамауға алынған адамдарды азаптау ісі бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі қызметкері ұсталды, деп... 26.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-26T12:24+0500
2023-01-26T12:24+0500
2023-01-26T12:24+0500
сот
азаптау
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Астана қаласында қамауға алынған адамдарды азаптау ісі бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда сотына сілтеме жасап.Бүгін мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен подполковник Еркін Аманов пен майор Хамит Абдуғали, сондай-ақ шекара қызметінің өкілі Қайрат Сартай екі айға қамауға алынды.Айта кетері, бұған дейін Астанадағы тергеу изоляторында отырған адамдардың азапталғаны туралы туыстары мәлімдеді. 2021 жылы Семейде алтын кенінде ұрлық жасағаны үшін бірнеше адам ұсталған болатын.Туыстарының айтуынша, ҰҚК қызметкерлері күдіктілерді азаптап, кінәсін мойындауға мәжбүрлеген. Былтыр наурыз айында осы мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ тергеу ұзаққа созылып кетті. Азапталған адамдардың туыстары бас прокуратураның алдында наразылық шарасын да өткізген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, азаптау
Астанада ҰҚК-нің екі қызметкері ұсталды
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Астана қаласында қамауға алынған адамдарды азаптау ісі бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі қызметкері ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан елорда сотына
сілтеме жасап.
Бүгін мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен подполковник Еркін Аманов пен майор Хамит Абдуғали, сондай-ақ шекара қызметінің өкілі Қайрат Сартай екі айға қамауға алынды.
"Сотқа дейінгі тергеудің басқа мәліметтері Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша жарияланбайды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Астанадағы тергеу изоляторында отырған адамдардың азапталғаны туралы туыстары мәлімдеді. 2021 жылы Семейде алтын кенінде ұрлық жасағаны үшін бірнеше адам ұсталған болатын.
Туыстарының айтуынша, ҰҚК қызметкерлері күдіктілерді азаптап, кінәсін мойындауға мәжбүрлеген. Былтыр наурыз айында осы мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ тергеу ұзаққа созылып кетті. Азапталған адамдардың туыстары бас прокуратураның алдында наразылық шарасын да өткізген.