https://sputnik.kz/20230126/arnayy-askeri-operatsiya-resey-armiyasy-ugledarga-kirdi-31579656.html
Арнайы әскери операция: Ресей армиясы Угледарға кірді
Арнайы әскери операция: Ресей армиясы Угледарға кірді
Sputnik Қазақстан
Арнайы әскери операция аймағында Ресей Қарулы күштері басымдықты арттырып, 800 шақырымдық қақтығыс желісінің бірнеше бағыты бойынша алға жылжып, Угледарға... 26.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-26T22:45+0500
2023-01-26T22:45+0500
2023-01-31T12:42+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31503706_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_16807f17ccf07ddbd858d5a51740bcb5.jpg
Арнайы әскери операция аймағында Ресей Қарулы күштері басымдықты арттырып, 800 шақырымдық қақтығыс желісінің бірнеше бағыты бойынша алға жылжып, Угледарға кірді және жақын арада қаланы украин жауынгерлерінен азат етуді көздеп отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Бір уақытта ресейлік әскер Украина Қарулы күштерінің жедел тылына дәлдігі жоғары қару-жарақпен соққы жасап, олардың жауынгерлік басқару орталықтарын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, логистикалық, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын қиратып жатыр.Ресей Тынық мұхит флотының теңіз жаяу әскерлерінің шабуылдау бөлімшелері 25 қаңтар күні кешке Украина қорғанысын бұзып өтіп, Угледарға кіріп, қала шетінде соғысып жатыр. Украина Қарулы күштерінің бөлімдеріне қарасты 72-ші механикаландырылған бригада Угледардағы позицияларын тастап кетті. УҚК Бас штабы жағдайдың күрделі екенін растап, қалған резервтерді қалаға ағыттап жатыр."Угледарға шабуыл екі бағытта ұйымдастырылды, Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері жүйелі түрде ығыстырылып, ресейлік армия қоршауға алуды үдетіп жатыр. Қарсы тараптың шабуылдарын ресейлік артиллерия тиімді басып тастап жатыр. Қала шағын болғанымен, маңызы жоғары. Угледарды азат ету Донецк маңындағы украин әскерін тез жеңуге және Украина Қарулы күштерінің Славянск – Краматорск бекініс аймағына енуіне мүмкіндік береді", - деп жазды Хроленко.Ресей әскерінің Угледар бағытындағы шабуылы Артемовскті (Бахмут) азат ету бойынша шайқастардың қарқындылығын төмендетпейді. Артемовск ауданында шетелдік жалдамалы жауынгерлерді қоса алғанда Украина Қарулы күштерінің 20 бригадасы шоғырланған. Күні кеше "Вагнер" жеке әскери компанияның топтары қалаға бір шақырым жақындады, сонымен қатар Артемовскке жақын орналасқан Опытное (оңтүстіктен) және Парасковиевка (солтүстіктен) елді мекендеріне кірді. Запорожье облысындағы Орехов пен Гуляйполе бағытында да ресейлік күштер соғысып жатыр.Ресей Қарулы күштерінің жедел-тактикалық авиациясы, зымыран әскері мен артиллериясы өткен тәулікте атыс позицияларында украиндердің 83 артиллериялық бөлімшесіне, 119 аудандағы әскерилерге соққы жасады. Украина Қарулы күштерінің 128-ші таудағы шабуылдау бригадасының қолбасшылығы жойылды. Сонымен қатар арнайы операция аймағында Украина Қарулы күштерінің екі Су-25 ұшағы, үш радиолокациялық жүйес, 14 артиллериялық жүйе, 7 броньдалған машина, 8 артиллериялық қойма және екі жанармай базасы қиратылды.26 қаңтарға қараған түні Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды. Ресейлік пилотсыз ұшу аппараттарының соққылары Киев, Винница, Днепропетровск, Одесса, Николаев, Черкасск және басқа облыстардағы нысандарға бағытталды. Украиналық ақпарат көздері маңызды инфрақұрылымға онға жуық соққы жасалғаны туралы хабарлады.25 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байден Украина Қарулы күштері көктемге қарай Қырым түбегінде ауқымды қарсы шабуылға дайындалып жатқанын хабарлады. Запорожье облысы әкімшілігінің мәліметінше, Украина әскері наурыз айының аяғында Мелитополь мен Бердянсктегі әскери іс-қимылдарға жұмылдыруға 40 мыңдай жауынгерді дайындап отыр."2022 жылдың ақпанында арнайы әскери операция басталғанға дейін Украина Қарулы күштерінде 2000-ға жуық танк болды. Батыс елдері арнайы әскери операция кезінде Киев режиміне тағы 700-ге жуық танк берді. Дегенмен, 2000-нан астам украиналық танк шайқас кезінде өртеніп кетті де, 2023 жылдың басына қарай Украина Қарулы күштерінде 800 шақырымдық майдан желісінде үш жүзге жуық танк болды", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.АҚШ Украинаға әскери көмекті арттыру мақсатында екі жыл ішінде Украина Қарулы күштеріне қажетті 155 миллиметрлі артиллериялық снарядтардың өндірісін 500 процентке арттыруды, яғни айына 90 мың дана шығаруды жоспарлап отыр. Бірақ арнайы әскери операция екі жылға созылады ма, жоқ па, ол жағы үлкен мәселе болып тұр.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31503706_8:0:2739:2048_1920x0_80_0_0_2d346737b58fff054045f30edcf31ee5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Арнайы әскери операция аймағында Ресей Қарулы күштері басымдықты арттырып, 800 шақырымдық қақтығыс желісінің бірнеше бағыты бойынша алға жылжып, Угледарға кірді және жақын арада қаланы украин жауынгерлерінен азат етуді көздеп отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Бір уақытта ресейлік әскер Украина Қарулы күштерінің жедел тылына дәлдігі жоғары қару-жарақпен соққы жасап, олардың жауынгерлік басқару орталықтарын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, логистикалық, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын қиратып жатыр.
Ресей Тынық мұхит флотының теңіз жаяу әскерлерінің шабуылдау бөлімшелері 25 қаңтар күні кешке Украина қорғанысын бұзып өтіп, Угледарға кіріп, қала шетінде соғысып жатыр. Украина Қарулы күштерінің бөлімдеріне қарасты 72-ші механикаландырылған бригада Угледардағы позицияларын тастап кетті. УҚК Бас штабы жағдайдың күрделі екенін растап, қалған резервтерді қалаға ағыттап жатыр.
"Угледарға шабуыл екі бағытта ұйымдастырылды, Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері жүйелі түрде ығыстырылып, ресейлік армия қоршауға алуды үдетіп жатыр. Қарсы тараптың шабуылдарын ресейлік артиллерия тиімді басып тастап жатыр. Қала шағын болғанымен, маңызы жоғары. Угледарды азат ету Донецк маңындағы украин әскерін тез жеңуге және Украина Қарулы күштерінің Славянск – Краматорск бекініс аймағына енуіне мүмкіндік береді", - деп жазды Хроленко.
Ресей әскерінің Угледар бағытындағы шабуылы Артемовскті (Бахмут) азат ету бойынша шайқастардың қарқындылығын төмендетпейді. Артемовск ауданында шетелдік жалдамалы жауынгерлерді қоса алғанда Украина Қарулы күштерінің 20 бригадасы шоғырланған. Күні кеше "Вагнер" жеке әскери компанияның топтары қалаға бір шақырым жақындады, сонымен қатар Артемовскке жақын орналасқан Опытное (оңтүстіктен) және Парасковиевка (солтүстіктен) елді мекендеріне кірді. Запорожье облысындағы Орехов пен Гуляйполе бағытында да ресейлік күштер соғысып жатыр.
Ресей Қарулы күштерінің жедел-тактикалық авиациясы, зымыран әскері мен артиллериясы өткен тәулікте атыс позицияларында украиндердің 83 артиллериялық бөлімшесіне, 119 аудандағы әскерилерге соққы жасады. Украина Қарулы күштерінің 128-ші таудағы шабуылдау бригадасының қолбасшылығы жойылды. Сонымен қатар арнайы операция аймағында Украина Қарулы күштерінің екі Су-25 ұшағы, үш радиолокациялық жүйес, 14 артиллериялық жүйе, 7 броньдалған машина, 8 артиллериялық қойма және екі жанармай базасы қиратылды.
26 қаңтарға қараған түні Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды. Ресейлік пилотсыз ұшу аппараттарының соққылары Киев, Винница, Днепропетровск, Одесса, Николаев, Черкасск және басқа облыстардағы нысандарға бағытталды. Украиналық ақпарат көздері маңызды инфрақұрылымға онға жуық соққы жасалғаны туралы хабарлады.
25 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байден Украина Қарулы күштері көктемге қарай Қырым түбегінде ауқымды қарсы шабуылға дайындалып жатқанын хабарлады. Запорожье облысы әкімшілігінің мәліметінше, Украина әскері наурыз айының аяғында Мелитополь мен Бердянсктегі әскери іс-қимылдарға жұмылдыруға 40 мыңдай жауынгерді дайындап отыр.
"2022 жылдың ақпанында арнайы әскери операция басталғанға дейін Украина Қарулы күштерінде 2000-ға жуық танк болды. Батыс елдері арнайы әскери операция кезінде Киев режиміне тағы 700-ге жуық танк берді. Дегенмен, 2000-нан астам украиналық танк шайқас кезінде өртеніп кетті де, 2023 жылдың басына қарай Украина Қарулы күштерінде 800 шақырымдық майдан желісінде үш жүзге жуық танк болды", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
АҚШ Украинаға әскери көмекті арттыру мақсатында екі жыл ішінде Украина Қарулы күштеріне қажетті 155 миллиметрлі артиллериялық снарядтардың өндірісін 500 процентке арттыруды, яғни айына 90 мың дана шығаруды жоспарлап отыр. Бірақ арнайы әскери операция екі жылға созылады ма, жоқ па, ол жағы үлкен мәселе болып тұр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.