Спорт

Жерлес пара шаңғышы әлем чемпионы атанды

© PhotoЕрбол Хамитов стал чемпионом мира по паралыжным гонкам
Ербол Хамитов стал чемпионом мира по паралыжным гонкам - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық парашаңғышы Ербол Хамитов Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына" сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Хамитов әлем чемпионатындағы спринт жарысында топ жарды. Оның көрсеткіші - 2:44,23. Украиналық спортшы Тарас Рад мәреге екінші болып келсе, үшінші орынға бразилиялық спортшы Кристиан Вестмаер Рибейра ие болды.
Бұған дейін Ербол әлем чемпионатының алғашқы күні пара биатлоннан қола жүлдені жеңіп алған болатын.
Айта кетері, парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатыр.
Жарыстар 29 қаңтарға дейін жалғасады. Оған 18 мемлекеттен 102 спортшы келді.
Жаңалықтар
0