Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген өзбекстандық ұсталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы 2018 жылдан бері іздеуде жүрген. Оған Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 216-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу" бойынша айып тағылған.
Қылмыскерді Жамбыл облысының полицейлері ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп ұстады.
Ол Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Енді ол Өзбекстанның құқық қорғау органдарына беріледі.
Жаңалықтар
0