https://sputnik.kz/20230125/tarazda-naresteni-satqan-darigerler-ustaldy-31439723.html
Таразда нәрестені сатқан акушерлер ұсталды
Таразда нәрестені сатқан акушерлер ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында жаңа туған сәбиді сатқан екі медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлады облыстық прокуратура. 25.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-25T14:29+0500
2023-01-25T14:29+0500
2023-08-10T12:26+0500
нәресте
дәрігер
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_2fdaf85f6ee58feb75b1c627a51aae82.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында жаңа туған сәбиді сатқан екі медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.Прокурорлар ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады.Polisia.kz сайтының мәліметінше, тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жіберген. Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прокуратура тергеу шараларын бақылауға алды.Айта кетері, кәмелетке толмаған баланы сатқаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_82:0:1910:1371_1920x0_80_0_0_aaff0e8db97860ce2038046a1e1c0dd3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нәресте, дәрігер
Таразда нәрестені сатқан акушерлер ұсталды
14:29 25.01.2023 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында жаңа туған сәбиді сатқан екі медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Прокурорлар ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады.
"2023 жылдың 12 қаңтарында аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталды", - делінген ресми хабарламада.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жіберген.
Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прокуратура тергеу шараларын бақылауға алды.
Айта кетері, кәмелетке толмаған баланы сатқаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.