https://sputnik.kz/20230125/qyzylorda-oblysynda-43-mekteptin-direktory-zhazaga-tartyldy-31453767.html
Қызылорда облысында 43 мектептің директоры жазаға тартылды
Қызылорда облысында 43 мектептің директоры жазаға тартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қызылорда облысында асханадағы ас мәзірін сайттарға орналастыру үшін кәсіпкерлерден ақша талап еткен мектеп басшылары тәртіптік... 25.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-25T17:54+0500
2023-01-25T17:54+0500
2023-01-25T17:54+0500
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577743_0:86:3073:1814_1920x0_80_0_0_d51890b0aaed0e0423d3d191af4432a2.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қызылорда облысында асханадағы ас мәзірін сайттарға орналастыру үшін кәсіпкерлерден ақша талап еткен мектеп басшылары тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Арал ауданындағы мектеп директорлары асханадағы ас мәзірін kundelik.kz және mektepmenu.kz сайттарына орналастыру үшін кәсіпкерлерді ай сайын 6000 теңгеден төлеуге міндеттеген.Мәселен, "Қамқор-тұтыну" ЖШС директоры Зиагаладин Өтенов Арал ауданындағы мектеп басшыларымен асханада балаларға ыстық тамақ беру қызметін көрсетуге келісімшарт жасаған. Былтыр жаңа оқу жылы басталған бойда мектеп басшысы ас мәзірін kundelik.kz сайтына орналастыру үшін ай сайын 6 000 теңге төлеуді сұрап, кәсіпкерге хат жолдайды. Мұндай талапты Арал ауданындағы өзге де мектеп басшылары қойған.Кәсіпкер 6 мектепке 1 айдың қызмет ақысы – 42 мың теңгені төлеп тастаған. Ондай ақшаны төлей берсе, шығынға бататынын түсініп, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына шағым түсіреді. Бұл мәселе алдымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қаралған. Одан кейін аудандық прокуратураға хат жолданды.Қадағалаушы орган білім беру ұйымдарының заңды бұзғанын анықтады. Олар оқушылардың күнделікті мәзірін жариялауға арналған MektepMenu платформасын пайдалану үшін кәсіпкерлік субъектілерінен негізсіз төлем жасауға міндеттеген."Заң бұзушылықтар бойынша білім бөліміне ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің негізсіз төленген 500 мың теңгеге жуық ақшасы қайтарылып, 8 кәсіпкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді. Заң бұзушылыққа жол берген білім саласының 43 өкілі тәртіптік жазаға тартылды", - делінген прокуратураның жауабында.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577743_17:0:2748:2048_1920x0_80_0_0_cb753f1d9847cd7d06d4f67a176cd625.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қызылорда облысында асханадағы ас мәзірін сайттарға орналастыру үшін кәсіпкерлерден ақша талап еткен мектеп басшылары тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Арал ауданындағы мектеп директорлары асханадағы ас мәзірін kundelik.kz және mektepmenu.kz сайттарына орналастыру үшін кәсіпкерлерді ай сайын 6000 теңгеден төлеуге міндеттеген.
Мәселен, "Қамқор-тұтыну" ЖШС директоры Зиагаладин Өтенов Арал ауданындағы мектеп басшыларымен асханада балаларға ыстық тамақ беру қызметін көрсетуге келісімшарт жасаған. Былтыр жаңа оқу жылы басталған бойда мектеп басшысы ас мәзірін kundelik.kz сайтына орналастыру үшін ай сайын 6 000 теңге төлеуді сұрап, кәсіпкерге хат жолдайды. Мұндай талапты Арал ауданындағы өзге де мектеп басшылары қойған.
Кәсіпкер 6 мектепке 1 айдың қызмет ақысы – 42 мың теңгені төлеп тастаған. Ондай ақшаны төлей берсе, шығынға бататынын түсініп, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына шағым түсіреді. Бұл мәселе алдымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қаралған. Одан кейін аудандық прокуратураға хат жолданды.
Қадағалаушы орган білім беру ұйымдарының заңды бұзғанын анықтады. Олар оқушылардың күнделікті мәзірін жариялауға арналған MektepMenu платформасын пайдалану үшін кәсіпкерлік субъектілерінен негізсіз төлем жасауға міндеттеген.
"Заң бұзушылықтар бойынша білім бөліміне ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің негізсіз төленген 500 мың теңгеге жуық ақшасы қайтарылып, 8 кәсіпкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді. Заң бұзушылыққа жол берген білім саласының 43 өкілі тәртіптік жазаға тартылды", - делінген прокуратураның жауабында.