https://sputnik.kz/20230125/qazaqstandyqtar-aktivter-arnayy-deklaratsiya-31417968.html
Кейбір қазақстандықтар активтер туралы арнайы декларация тапсыруға міндеттеледі
Кейбір қазақстандықтар активтер туралы арнайы декларация тапсыруға міндеттеледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда активтер туралы арнайы декларация тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізімі құрылады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан... 25.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-25T08:56+0500
2023-01-25T08:56+0500
2023-01-25T08:56+0500
экономика
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/339/54/3395410_0:147:1921:1227_1920x0_80_0_0_146d1c763e1d4b5fb3c092ae7f7c71ba.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда активтер туралы арнайы декларация тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізімі құрылады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында айтылды.Отырысқа қатысушылар президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге бағытталған нормалар қарастырылған.Келіп түсетін активтерді халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделіп отыр.Смайылов әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескеріп, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды.Сондай-ақ қатар отырыста ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/339/54/3395410_44:0:1875:1373_1920x0_80_0_0_897a0ab164d1573415bdc43b9b5a8876.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандықтар
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда активтер туралы арнайы декларация тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізімі құрылады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында айтылды.
Отырысқа қатысушылар президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге бағытталған нормалар қарастырылған.
"Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарланып отыр. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаған жағдайда, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады", - деп хабарлайды премьер-министр сайты.
Келіп түсетін активтерді халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделіп отыр.
Смайылов әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескеріп, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ қатар отырыста ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.