https://sputnik.kz/20230125/qazaqstan-men-reseydin-tauar-aynalymy-30-mlrd-dollarga-zhetui-mumkin-31415834.html
Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы 30 млрд долларға жетуі мүмкін - Смайылов
Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы 30 млрд долларға жетуі мүмкін - Смайылов
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесті. 25.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-25T07:25+0500
2023-01-25T07:25+0500
2023-01-25T07:28+0500
экономика
қазақстан
ресей
тауар
доллар
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e7/01/18/31414192_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_563383e361a5e9766ecfd471cfddeeeb.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесті.Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестиция тарту және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Әлихан Смайылов атап өткендей, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын одан әрі дамыту аясындағы басымдықтардың бірі өзара сауда көлемін арттыру болып табылады.Мәселен, 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 24 миллиард долларды құрады. Бұл бұған дейінгі сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7%-ға жоғары. Премьер-министрдің айтуынша, мұндай қарқынмен алдағы жылдары 30 миллиард доллар межесіне жету әбден мүмкін.Сонымен бірге ол Якутиямен өзара жеткізуді арттырудың жоғары әлеуетін атап өтті. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында Якутиямен тауар айналымы шамамен 80 миллион доллар болған. Өсім он есе көп.Премьер-министр сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы, атап айтқанда, кинематографиядағы өзара іс-қимылға тоқталды.Айсен Николаев өз тарапынан цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ экономиканың түрлі саласында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін атап өтті.
https://sputnik.kz/20230124/yakutiya-qazaqstanmen-yntymaqtastyqty-damytuga-nietti-31404333.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/18/31414192_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_ed9f83b29c8eae3fefab5b3b6f33b29f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, тауар, доллар, әлихан смайылов
қазақстан, ресей, тауар, доллар, әлихан смайылов
Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы 30 млрд долларға жетуі мүмкін - Смайылов
07:25 25.01.2023 (жаңартылды: 07:28 25.01.2023) АСТАНА, 25 қаңтар - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесті.
Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестиция тарту және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Әлихан Смайылов атап өткендей, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын одан әрі дамыту аясындағы басымдықтардың бірі өзара сауда көлемін арттыру болып табылады.
Мәселен, 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 24 миллиард долларды құрады. Бұл бұған дейінгі сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7%-ға жоғары.
Премьер-министрдің айтуынша, мұндай қарқынмен алдағы жылдары 30 миллиард доллар межесіне жету әбден мүмкін.
Сонымен бірге ол Якутиямен өзара жеткізуді арттырудың жоғары әлеуетін атап өтті. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында Якутиямен тауар айналымы шамамен 80 миллион доллар болған. Өсім он есе көп.
Премьер-министр сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы, атап айтқанда, кинематографиядағы өзара іс-қимылға тоқталды.
"Түркі халықтарының шығу тегі мен қалыптасуы туралы бірлескен тарихи жоба жасауға болады. Мұндай имидждік жобаны жүзеге асыру көшпелі халықтардың мәдениетін, тілін дамыту мен мұрасын сақтау мәселесіне қоғамның назарын аударады", – деді Әлихан Смайылов.
Айсен Николаев өз тарапынан цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ экономиканың түрлі саласында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін атап өтті.