Экономика

Қандай мамандықтар бойынша тез жұмыс табуға болады

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
НовостиTelegram
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жоғары білім беру бағдарламаларының рейтингі жасалды. Онда нақты қандай мамандық бойынша жұмысқа тұру көрсеткіші жоғары екенін, жалақы мөлшерін де көруге болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Рейтингті жоғары білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалды. Осы жұмысқа "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы да атсалысты.
Палатаның басқарушы директоры Азамат Бейсенбаевтың айтуынша, рейтингті әзірлеу кезінде екі мыңнан астам білім беру бағдарламасы зерделенді. Сондай-ақ, 80 мыңдай түлек, 200-ден астам сарапшы мен 100-ге жуық оқу орны қамтылды.
Негізгі талаптар: жұмысқа орналасу деңгейі, орташа жалақы, білім беру бағдарламаларын аккредитациясы мен оқытушылардың сапасы.
Талдау барысында түлектердің ай сайынғы зейнетақы аударымдары да ескерілді
"Білім беру бағыттары бойынша ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі "Ветеринария" бағытында болып тұр. Бұл көрсеткіш 88 процент. Ал денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша ең жоғары жалақы тіркелді. Осы салада түлектер бірден ай сайын 221 841 теңге алады, бұл – медиандық жалақы*. Ал "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" бағытында ең төмен орташа жұмысқа орналасу деңгейі тіркелді", - деді Бейсенбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Рейтингке сәйкес, Батыс Қазақстан облысының түлектері жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша 86 пайызды көрсетті, екінші орында Алматы облысының түлектері - 85 пайыз, үшінші орында Атырау облысының түлектері - 84 пайыз.
Ал Қызылорда және Түркістан облыстарында ең төмен жұмысқа орналасу көрсеткіші - 73 пайыз тіркелді.
"Ең жоғары жалақыны Алматы облысының түлектері алатыны анықталды, облыс бойынша түлектердің оқу бітіргеннен кейінгі алғашқы жылдағы медиандық жалақысы 196 769 теңгені құраған. Ең төмен жалақы Шымкент қаласының түлектерінде – 124 895 теңге", - деп атап көрсетті палата өкілі.
Рейтинг министрлік пен палатаның сайтында жарияланды.
* Медиандық жалақы. Ол шартты түрде жалпы жалақы шкаласын екіге бөліп, дәл ортасын көрсетеді. Азаматтардың жартысы осы сомадан көп, ал екінші жартысы дәл осы сомадан аз алады дегенді білдіреді.
Жаңалықтар
0