https://sputnik.kz/20230125/peskov-ukrainaga-nemis-tankterin-zhetkizuge-qatysty-pikir-bildirdi-31472557.html
Песков Украинаға неміс танктерін жеткізуге қатысты пікір білдірді
Песков Украинаға неміс танктерін жеткізуге қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. РФ президентінің баспасөз хатшысы Киевке танктер жеткізу мәселесі бойынша Мәскеу Берлинмен байланыс жүргізбегенін айтты, деп жазды... 25.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-25T20:23+0500
2023-01-25T20:23+0500
2023-11-01T16:32+0500
киев
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25436541_0:314:3021:2013_1920x0_80_0_0_f9f1d1a30450b5e46f064bb1146dd2d5.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. РФ президентінің баспасөз хатшысы Киевке танктер жеткізу мәселесі бойынша Мәскеу Берлинмен байланыс жүргізбегенін айтты, деп жазды РИА Новости.Бұған дейін БАҚ-та Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға Leopard танктерін жөнелту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.Журналистер Ресейдің осы мәселені неміс тарапымен талқылау жүргізіп жатқанын анықтау үшін сұрақ қойған болатын."Ешқандай талқылау жүргізіліп жатқан жоқ", - деп жауап берді. Песков.Сондай-ақ Песков Германияның Украинаға Leopard танктерін жөнелтуді жоспарлағаны үшін Ресеймен байланыстырылатын Killnet хакерлер тобының немістердің инфрақұрылымына ауқымды шабуыл жасайтыны туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.Ресей президенті баспасөз хатшысының пікірінше, америкалық Abrams танктерін Украинаға жеткізу бойынша ықтимал жоспар сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Себебі америкалық танктердің әлеуеті тым асыра көрсетілген, ал оларды Киевке жеткізу техникалық тұрғыдан жүзеге асырылмайды."Көптеген маман бұл идеяның да ақылға қонымсыз екенін түсініп отырғанына сенімдімін. Технологиялық аспектілер бойынша бұл жоспар сәтсіздікке ұшырайды. Сонымен қатар танктер Украина Қарулы күштерінің әлеуетін арттырады деген пікір де тым асыра айтылған", - деді Кремль өкілі.Оның айтуынша, Abrams та басқа техника секілді қиратылады, ал бұл танктер өте қымбат тұрады және оның ауыртпалығы тағы да еуропалық салық төлеушілерге жүк болады. Песков түрлі мемлекеттерден қарама-қайшы мәлімдемелер түсіп жатқанын, бұл НАТО-ның ішінде де, танктерге қатысты да ортақ пікір жоқ екенін аңғартады.Бұған дейін Washington Post америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, Ақ үй осы аптада 30-50 дана Abrams танктерін Киевке жөнелтетіні туралы хабарлауы мүмкін болғанымен, танктер жақын арада Украинаға жеткізілмейтінін айтты. Межелі мерзімдер бірнеше айға, тіпті жылға созылуы ықтимал.Өз кезегінде ABC телеарнасы жабдықты жеткізу туралы түбегейлі шешім қабылданған жағдайда да кем дегенде бір жыл бойы күту қажет екенін хабарлады. Өйткені америкалық билік өндірушілермен енді келісімшарт жасасуы керек.Киевке Challenger танктерін бөлген Ұлыбританияға қарағанда Украинаға үлкен көлемде қару-жарақ жеткізгеніне қарамастан, АҚШ пен Германия ұзақ уақыт бойы мұндай техниканы жеткізуден бас тартып келді.Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус бұған дейін атап өткендей, Германиядағы Рамштайн авиабазасында НАТО елдері мен олардың одақтастарының Украинаға қолдау көрсету жөніндегі жиында немістердің Leopard танктерін Киевке жеткізу бойынша тараптар бір шешімге келе алмады. Дегенмен Spiegel басылымының ақпарат көзі күні кеше канцлер Олаф Шолфтың мұндай шешім қабылдағанын айтты. Журналдың жазуынша, бундесвердегі 2А6 моделіндегі танк ротасын жеткізу қарастырылып жатыр.Бұған қоса, Берлин Украинаға өз иеліктетріндегі Leopard танктерін жеткізгісі келетін елдерге рұқсат беруді жоспарлап отыр. Басылым хабарлауынша, НАТО-ға мүше кейбір елдер мұны жүзеге асыруға дайын. Германия, Польша мен Финляндиядан басқа Испания, Грекия және Данияда Leopard танктері бар.Еске салсақ, өткен жылдың көктемінде Мәскеу Украина әскеріне қару-жарақ жөнелтуіне байланысты Солтүстік Атлантикалық альянс елдеріне нота жолдады. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров әскери техникасы бар кез келген жүк Ресей әскери-ғарыш күштерінің заңды нысанасына айналатынын айтты.
киев
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25436541_73:0:2802:2047_1920x0_80_0_0_85c0dd56a45ce7d8c4ec85207ba87710.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
киев
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. РФ президентінің баспасөз хатшысы Киевке танктер жеткізу мәселесі бойынша Мәскеу Берлинмен байланыс жүргізбегенін айтты, деп жазды
РИА Новости. Бұған дейін БАҚ-та Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға Leopard танктерін жөнелту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Журналистер Ресейдің осы мәселені неміс тарапымен талқылау жүргізіп жатқанын анықтау үшін сұрақ қойған болатын.
"Ешқандай талқылау жүргізіліп жатқан жоқ", - деп жауап берді. Песков.
Сондай-ақ Песков Германияның Украинаға Leopard танктерін жөнелтуді жоспарлағаны үшін Ресеймен байланыстырылатын Killnet хакерлер тобының немістердің инфрақұрылымына ауқымды шабуыл жасайтыны туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Біз кез келген хакерлер тобын Ресеймен байланыстыратынына шынымен таңғаламыз. Неге Еуропадағы кез келген елмен емес, тек Ресеймен байланыстыратынын ешкім нақты түсіндіре алмайды. Бұл ақылға қонымсыз", - деп Песков.
Ресей президенті баспасөз хатшысының пікірінше, америкалық Abrams танктерін Украинаға жеткізу бойынша ықтимал жоспар сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Себебі америкалық танктердің әлеуеті тым асыра көрсетілген, ал оларды Киевке жеткізу техникалық тұрғыдан жүзеге асырылмайды.
"Көптеген маман бұл идеяның да ақылға қонымсыз екенін түсініп отырғанына сенімдімін. Технологиялық аспектілер бойынша бұл жоспар сәтсіздікке ұшырайды. Сонымен қатар танктер Украина Қарулы күштерінің әлеуетін арттырады деген пікір де тым асыра айтылған", - деді Кремль өкілі.
Оның айтуынша, Abrams та басқа техника секілді қиратылады, ал бұл танктер өте қымбат тұрады және оның ауыртпалығы тағы да еуропалық салық төлеушілерге жүк болады. Песков түрлі мемлекеттерден қарама-қайшы мәлімдемелер түсіп жатқанын, бұл НАТО-ның ішінде де, танктерге қатысты да ортақ пікір жоқ екенін аңғартады.
Бұған дейін Washington Post америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, Ақ үй осы аптада 30-50 дана Abrams танктерін Киевке жөнелтетіні туралы хабарлауы мүмкін болғанымен, танктер жақын арада Украинаға жеткізілмейтінін айтты. Межелі мерзімдер бірнеше айға, тіпті жылға созылуы ықтимал.
Өз кезегінде ABC телеарнасы жабдықты жеткізу туралы түбегейлі шешім қабылданған жағдайда да кем дегенде бір жыл бойы күту қажет екенін хабарлады. Өйткені америкалық билік өндірушілермен енді келісімшарт жасасуы керек.
Киевке Challenger танктерін бөлген Ұлыбританияға қарағанда Украинаға үлкен көлемде қару-жарақ жеткізгеніне қарамастан, АҚШ пен Германия ұзақ уақыт бойы мұндай техниканы жеткізуден бас тартып келді.
Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус бұған дейін атап өткендей, Германиядағы Рамштайн авиабазасында НАТО елдері мен олардың одақтастарының Украинаға қолдау көрсету жөніндегі жиында немістердің Leopard танктерін Киевке жеткізу бойынша тараптар бір шешімге келе алмады. Дегенмен Spiegel басылымының ақпарат көзі күні кеше канцлер Олаф Шолфтың мұндай шешім қабылдағанын айтты. Журналдың жазуынша, бундесвердегі 2А6 моделіндегі танк ротасын жеткізу қарастырылып жатыр.
Бұған қоса, Берлин Украинаға өз иеліктетріндегі Leopard танктерін жеткізгісі келетін елдерге рұқсат беруді жоспарлап отыр. Басылым хабарлауынша, НАТО-ға мүше кейбір елдер мұны жүзеге асыруға дайын. Германия, Польша мен Финляндиядан басқа Испания, Грекия және Данияда Leopard танктері бар.
Еске салсақ, өткен жылдың көктемінде Мәскеу Украина әскеріне қару-жарақ жөнелтуіне байланысты Солтүстік Атлантикалық альянс елдеріне нота жолдады. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров әскери техникасы бар кез келген жүк Ресей әскери-ғарыш күштерінің заңды нысанасына айналатынын айтты.