Денсаулық

"Өзіңізді пингвинмін деп елестетіңіз": көктайғақта қалай жүру керек

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуКөктайғақ
Көктайғақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 қаңтар - Sputnik. Көктайғақ болған кезде мұқият жүріп, құлап қалудан сақ болу керек. Бірқатар кеңесті денсаулық сақтау министрлігі бөлісті.

Байқап жүру керек

Қатты кешігіп жатсаңыз да, мұзда жүгірмеңіз. Жүрген кезде табаныңызды нық басып, тізені босаңсыту керек.
"Өзіңізді пингвин секілді елестетіңіз. Аяғыңызды сәл бүгіп, тізеңізді ауыртпай, табаныңызбен толықтай жерге басып ақырын жүріңіз. Жылдам жүрмеңіз, аяғыңызды жоғары көтермеңіз. Қадам неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Қолыңызды қалтаңызға салмаңыз", - делінген ақпаратта.

Дұрыс аяқкиім киіңіз

Автомобилдің қысқы дөңгелегі сияқты жерге "жабысатын" етік таңдау керек.

Дұрыс құлауға тырысыңыз

Егер сырғып, құлап бара жатсаңыз, салмағыңызды бірден алға және бүйірге ауыстыруға тырысыңыз. Арқаға құлаудан аулақ болу керек. Егер сіз құлап аздап ауырсынуды сезсеңіз - дәрігерге барыңыз. Кейде тіпті жеңіл ауырсыну буын шығуының белгісі болуы мүмкін, ал кейбір жарақат уақыт өте келе пайда болады. Бүйірге құлау қауіпсіз екенін есіңізде сақтаңыз және ешқандай жағдайда қолыңызды немесе аяғыңызды құлаған жаққа салмаңыз, керісінше мүмкіндігінше денеңізді бос ұстауға тырысыңыз.

Басыңызбен мұзға түссеңіз, бұл жағдайға бей-жай қарамаңыз. Тіпті аздап мидың шайқалуы бастың ауруына, көздің көру төмендеуіне немесе есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.
Жаңалықтар
0