БЖЗҚ "Бәйтерек" холдингінің облигацияларына 500 млрд теңге инвестициялайды

© Sputnik / Тимур БатыршинБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының логотипі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының логотипі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) биыл "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингінің ұзақ мерзімді облигацияларына 500 млрд теңге көлеміндегі зейнетақы активін нарықтық жағдайларда инвестициялауды жоспарлап отыр.
"Тартылған қаражат машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларға кредит беруге жұмсалады. Қаржыландырылатын жобаларды іріктеу және бөлінген қаражатты игеру барысы үкімет деңгейінде бақыланады", - деп жазылған ұлттық банктің хабарламасында.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде нарықтық жағдайлар ескеріледі. Осылайша, жоғарыда аталған инвестициялар сенімді болып саналады және жыл сайын БЖЗҚ салымшыларына инвестициялық табыс әкеледі.
"Бәйтерек" холдингіне 7 еншілес ұйым кіреді: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ, "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ, "Kazakh Export" ЭСК" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалғыз акционері – Қазақстан үкіметі.
Жаңалықтар
0