Байқоңыр тұрғыны полицейге оқ атты – оқиғаның мән-жайы

© AP Photo / Bikas DasТапанша, архивтегі фото
Тапанша, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Байқоңыр қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне екі рет оқ атты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға былтыр 5 желтоқсанда болған. 29 жастағы ер адам "Лемар" дәмханасына келіп, полицейге екі рет оқ атқан. Алайда сол жердегі адамдар оған кедергі жасаған. Соның арқасында тәртіп сақшысы аман қалды. Оған оқ тиген жоқ.
Ал тергеу кезінде күдікті полиция қызметкеріне тіл тигізіп, былапыт сөз айтқан. Осылайша, адам өлтіруге оқталып қана қоймай, билік өкіліне тіл тигізген. Күдікті бұған дейін сотталған.
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда қалалық прокуратура барлық дәлелді жинады. Қылмыстық іс материалдары Қазақстанның ішкі істер органдарына жіберілді. Себебі ұсталған ер адам Қазақстан азаматы.
Жаңалықтар
0