https://sputnik.kz/20230125/batys-qazaqstanda-turgyn-uyde-gaz-zharyldy-31421622.html
Батыс Қазақстанда тұрғын үйде газ жарылды
Батыс Қазақстанда тұрғын үйде газ жарылды
Ақтөбе облысында үйлену тойының алдында қонақтарды күтуге дайындалған отбасы баспанасыз қалды 25.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-25T10:59+0600
2023-01-25T10:59+0600
2023-01-25T11:02+0600
батыс қазақстан
тұрғын үй
газ
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/01/14/31320518_0:370:961:910_1920x0_80_0_0_45db52e712a5f707c85545d1d50cd565.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Жарылыс салдарынан Маржанбұлақ ауылының шетіндегі бір үй толығымен қирап қалды. Белгісіз себептермен үйдегі газ жарылған. Кеше күндізгі сағат үште үйде кенеттен жарылыс болған. Төтенше жағдай кезінде үйде төрт адам, атап айтқанда, үш ересек адам мен 17 жастағы қыз болған.Көрші ауладан туыстары жылдам жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Олар қирандыларды тазартып, бүтін қалған заттарды жинап жатыр, деп хабарлайды ktk.kz телеарнасы. Зардап шеккен ерлі-зайыптының 9 және 10 жасар екі баласы бар. Жарылыс кезінде олар мектепте болған. Балалардың ата-анасының беті мен қолын күйік шалған және тағы екі туысы да осындай жарақат алған. Құтқарушылардың айтуынша, үйде газ-ауа қоспасы жарылған. Бірақ газ баллоны оқиға орнынан табылмаған. Оқиға орнында апаттық газ қызметі оқиғаның себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
https://sputnik.kz/20230118/qazaqstanda-termiyalyq-kuyik-alatyn-balalar-sany-artyp-barady-31239215.html
батыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/14/31320518_0:280:961:1000_1920x0_80_0_0_1722124c64e1a78c712e355a291aab52.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
батыс қазақстан, тұрғын үй, газ
батыс қазақстан, тұрғын үй, газ
Батыс Қазақстанда тұрғын үйде газ жарылды
10:59 25.01.2023 (жаңартылды: 11:02 25.01.2023) Ақтөбе облысында үйлену тойының алдында қонақтарды күтуге дайындалған отбасы баспанасыз қалды
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Жарылыс салдарынан Маржанбұлақ ауылының шетіндегі бір үй толығымен қирап қалды. Белгісіз себептермен үйдегі газ жарылған.
Кеше күндізгі сағат үште үйде кенеттен жарылыс болған. Төтенше жағдай кезінде үйде төрт адам, атап айтқанда, үш ересек адам мен 17 жастағы қыз болған.
Көрші ауладан туыстары жылдам жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Олар қирандыларды тазартып, бүтін қалған заттарды жинап жатыр, деп хабарлайды
ktk.kz телеарнасы.
Зардап шеккен ерлі-зайыптының 9 және 10 жасар екі баласы бар. Жарылыс кезінде олар мектепте болған. Балалардың ата-анасының беті мен қолын күйік шалған және тағы екі туысы да осындай жарақат алған.
"17 жастағы жасөспірім "термиялық күйік" диагнозымен Ана мен бала орталығына жеткізілді. Екі ересек адам "шамамен 10%, 1-2 дәрежелі күйік" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды", - деді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Құтқарушылардың айтуынша, үйде газ-ауа қоспасы жарылған. Бірақ газ баллоны оқиға орнынан табылмаған. Оқиға орнында апаттық газ қызметі оқиғаның себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.