Елорда тынысы

Астанада McDonald's мейрамханалары жұмысын жандандырды

© Sputnik / Абзал КалиевMcDonald's
McDonald's - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 қаңтар - Sputnik. Бұрын McDonald's брендімен жұмыс істеген кейбір мейрамхана сәрсенбі күні Астанада қызметін қайта бастады. Қазіргі уақытта мейрамханаларда барлық қажетті өнім көлемі бар және келушілерді қабылдауға дайын, деп атап өтті "Food Solutions KZ".
Мейрамхана жабылғанда жұмыссыз қалғандардың жұмыс орындары, жалақылары және басқа да еңбек жағдайы толық көлемде сақталады, деп қосты компания. Астанада мына мейрамханалар жұмыс істеп тұр:
1.
Қабанбай батыр даңғылы, 26;
2.
"Mega Silk Way" СОО, 2-қабат, фудкорт аймағы;
3.
Қабанбай батыр даңғылы, 62;
4.
Сарыарқа даңғылы, 9 "Д".
23 қаңтарда 13 мейрамхананың бесеуі "біз ашықпыз" деп жазып, келушілерді қабылдай бастаған болатын.
Қазақстандағы McDonald's ("Food Solutions KZ" ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты қараша айының ортасында жұмысын тоқтатты. Өйткені франчайзер ресейлік жеткізушілерден ет котлеттерін сатып алуға тыйым салды. Ал қазақстандық ауыл шаруашылығы министрлігі McDonald's өкілдері отандық өнімге көшуге дайын. Бірақ бұл үшін жергілікті жеткізушілерге тиісті қымбат сертификаттар алу қажеттігін мәлімдеген болатын.
Сертификаттау ұзақ уақытқа созылатындықтан, мейрамханалар жұмысын тоқтатты.
Қазақстанда McDonald's брендімен алғашқы мейрамхана 2016 жылы ашылды. Осы жылдар ішінде Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында 24 McDonald's мейрамханасы қызмет көрсетті.
Жаңалықтар
0