https://sputnik.kz/20230125/almatyda-2040-zhylga-qaray-456-million-sharshy-metr-turgyn-uy-salynuga-tiis-31447405.html
Алматыда 2040 жылға қарай 45,6 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуға тиіс
Алматыда 2040 жылға қарай 45,6 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуға тиіс
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. 2040 жылға қарай Алматы халқының саны 3 миллион адамға жетеді, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 45,6 миллион шаршы метр... 25.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-25T21:50+0500
2023-01-25T21:50+0500
2023-01-25T21:50+0500
алматы
құрылыс
https://sputnik.kz/img/18/93/189324_0:261:3072:1989_1920x0_80_0_0_25b7f28669a9bf91f5cd5fa2f6c2b1fc.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. 2040 жылға қарай Алматы халқының саны 3 миллион адамға жетеді, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 45,6 миллион шаршы метр тұрғын үй салу қажет.Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық талқылау барысында осындай деректермен бөлісті.Бас жоспарды жасауға атсалысқан экономист Тамара Залогинаның айтуынша, Алматыда халық санының орташа жылдық өсімі 47-60 мың адамды құрайды.Осы қарқынмен 2030 жылға қарай Алматы халқының саны 2,5 миллионға, 2040 жылға қарай 3 миллионға, 2050 жылға қарай 3,6 миллион адамға жетеді. Сондықтан 2040 жылға қарай бір адамға 33 шаршы метрге дейін тұрғын үй беру үшін 45 миллион шаршы метр тұрғын үй салу қажет болады.Алматы бес полиорталыққа бөлінедіБас жоспарға сәйкес, Алматыда қажетті тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік, көлік, цифрлық, коммерциялық және рекреациялық инфрақұрылымы бар 5 жаңа полиорталықты дамыту жоспарланып отыр:"2040 жылға қарай жалпы саны 3 млн адамды құрайтын Алматы халқын қоныстандыру жобасы мынадай: 1,3 млн адам (44,6%) Оңтүстік-Батыс жоспарлау аймағында, 0,5 млн адам (18,1%) Орталық жоспарлау аймағында және 0,45 млн адам (15,2%) Шығыс жоспарлау аймағында қоныстанады", - деді Тамара Залогина.Дегенмен талқылау барысында кейбір азаматтар құрылыстың жоспарланған ауқымына қатысты алаңдаушылық танытты.Алматылықтарды тұрғын үй құрылысының тығыздығы алаңдатады"Халық өсімінің басым бөлігі көші-қон есебінен болып жатқаны айтылды. Алайда көші-қон ағынының орнын толтыру бойынша арнайы шараларды байқамадық. Тек тұрғын үй салуды ғана көрсеткен. Бір адамға 33 шаршы метр деген норма қайдан алынғаны белгісіз. Бұл жерде құрылысшылардың мүддесін қорғап отырғаны байқалады. Негізінде халықтың 90 проценті әлдеқайда тар жағдайда тіршілік етіп жатыр. Бір адамға 33 шаршы метрден болуы керек деген норма құрылысшыларға жаңа аймақтарды игеруге мүмкіндік береді", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Әсет Наурызбаев.Айта кету керек, Алматыда 2002 жылы бекітілген бас жоспар бар. Осы жиырма жылда қала аумағы екі еседен астам, яғни 33 898 гектардан 70 348 гектарға ұлғайды, ал Алматы халқының саны 2,1 миллион адамға дейін өсті.Әкімдіктегілер қаланың екі есе ұлғаюы аудандарды әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейіне кері әсерін тигізді деп есептейді.2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспар қаланың мемлекеттік органдарымен және коммуналдық қызметтерімен келісу процесінен өтіп, сараптама комиссиясының қарауына жіберілді.Бас жоспарды қоғамдық талқылау 2023 жылдың 27 қаңтарына дейін жалғасады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/18/93/189324_210:93:2817:2048_1920x0_80_0_0_4be4d02f307593e4aab6df5f81b4b66f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, құрылыс
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. 2040 жылға қарай Алматы халқының саны 3 миллион адамға жетеді, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 45,6 миллион шаршы метр тұрғын үй салу қажет.
Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық талқылау барысында осындай деректермен бөлісті.
Бас жоспарды жасауға атсалысқан экономист Тамара Залогинаның айтуынша, Алматыда халық санының орташа жылдық өсімі 47-60 мың адамды құрайды.
Осы қарқынмен 2030 жылға қарай Алматы халқының саны 2,5 миллионға, 2040 жылға қарай 3 миллионға, 2050 жылға қарай 3,6 миллион адамға жетеді. Сондықтан 2040 жылға қарай бір адамға 33 шаршы метрге дейін тұрғын үй беру үшін 45 миллион шаршы метр тұрғын үй салу қажет болады.
Алматы бес полиорталыққа бөлінеді
Бас жоспарға сәйкес, Алматыда қажетті тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік, көлік, цифрлық, коммерциялық және рекреациялық инфрақұрылымы бар 5 жаңа полиорталықты дамыту жоспарланып отыр:
"Солтүстік" – босатылған аймақтарда редевелопменті бар өндірістер мен нарықтарды шығару, қызмет көрсету саласы дамыған абаттандыруға арналған жаңа аймақтар (Үлкен Алматы су арнасы, Баум тоғайының бойында);
"Шығыс қақпасы" – әуежай маңындағы логистикалық хаб және көрме-ойын-сауық орталығы, медицина және фармацевтика;
"Тарихи орталық" – қызмет көрсету саласы дамыған туризм;
"Батыс" – ірі индустриялдық кәсіпорындар және көлік-логистикалық хаб;
"Оңтүстік-Батыс" – шағын өнеркәсіптік парктер, сауда, логистика.
"2040 жылға қарай жалпы саны 3 млн адамды құрайтын Алматы халқын қоныстандыру жобасы мынадай: 1,3 млн адам (44,6%) Оңтүстік-Батыс жоспарлау аймағында, 0,5 млн адам (18,1%) Орталық жоспарлау аймағында және 0,45 млн адам (15,2%) Шығыс жоспарлау аймағында қоныстанады", - деді Тамара Залогина.
Дегенмен талқылау барысында кейбір азаматтар құрылыстың жоспарланған ауқымына қатысты алаңдаушылық танытты.
Алматылықтарды тұрғын үй құрылысының тығыздығы алаңдатады
"Халық өсімінің басым бөлігі көші-қон есебінен болып жатқаны айтылды. Алайда көші-қон ағынының орнын толтыру бойынша арнайы шараларды байқамадық. Тек тұрғын үй салуды ғана көрсеткен. Бір адамға 33 шаршы метр деген норма қайдан алынғаны белгісіз. Бұл жерде құрылысшылардың мүддесін қорғап отырғаны байқалады. Негізінде халықтың 90 проценті әлдеқайда тар жағдайда тіршілік етіп жатыр. Бір адамға 33 шаршы метрден болуы керек деген норма құрылысшыларға жаңа аймақтарды игеруге мүмкіндік береді", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Әсет Наурызбаев.
Айта кету керек, Алматыда 2002 жылы бекітілген бас жоспар бар. Осы жиырма жылда қала аумағы екі еседен астам, яғни 33 898 гектардан 70 348 гектарға ұлғайды, ал Алматы халқының саны 2,1 миллион адамға дейін өсті.
Әкімдіктегілер қаланың екі есе ұлғаюы аудандарды әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейіне кері әсерін тигізді деп есептейді.
2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспар қаланың мемлекеттік органдарымен және коммуналдық қызметтерімен келісу процесінен өтіп, сараптама комиссиясының қарауына жіберілді.
Бас жоспарды қоғамдық талқылау 2023 жылдың 27 қаңтарына дейін жалғасады.