Тоқаев төрт мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады

© Photo : презПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрт мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Ақорда" резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын Швеция корольдігінің елшісі Ева Ульрика Пулано, Грузияның елшісі Николоз Лалиашвили, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Лвин У және Кипр Республикасының елшісі Кипрос Йоргаллис тапсырды.
© Photo : AMANПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту жұмыстарына табыс тіледі. Мемлекет басшысы Қазақстанның достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізіп отырғанын айтты.
Мемлекет басшысы дипломаттардың игі миссияларын орындауы кезінде Қазақстан үкіметі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
Жаңалықтар
0