https://sputnik.kz/20230124/ridder-zhylu-elektr-ortalygyn-zhana-investor-satyp-aldy-31393227.html
Риддер жылу электр орталығын жаңа инвестор сатып алды
Риддер жылу электр орталығын жаңа инвестор сатып алды
Sputnik Қазақстан
Облыс әкімі жаңа меншік иесінің кім екенін айтпады, тек "қазақ инвесторы" екенін мәлімдеді 24.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-24T11:39+0500
2023-01-24T11:39+0500
2023-01-24T11:39+0500
өңірлер
риддер
жылу электр орталығы
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31211780_0:15:3115:1767_1920x0_80_0_0_57c9224bed012c4af5aae2202c584c1c.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Риддердегі жылу электр орталығының меншік иесі ауысты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкімет кулуарында журналистер облыс басшысынан кезекті апаттан кейін Риддер ЖЭО-ның тағдыры не болатынын сұрады. Оның айтуынша, жаңа меншік иесі ЖЭО-ны күрделі жөндеуге кем дегенде 7 миллиард теңге инвестиция құяды. "Оның 3 миллиард теңгесі күрделі жөндеуге бағытталады. Орталықта алты қазандық бар, әрбір қазандықты біз орташа есеппен 500 миллион теңгеге бағалап отырмыз. Қалған 2,5 миллиард теңгеге жуығы қазіргі берешекті өтеуге жұмсалады, 1 миллиард теңгесі жылумен қамтуды жөндеуге, ал 1 миллиард теңгеден астамы сумен қамтамасыз ету, бірқатар инфрақұрылымдық жоба салу бойынша ағымдағы міндеттерді іске асыруға көзделеді", - деп түсіндірді облыс әкімі. Осы орайда журналистер Риддер ЖЭО-ны сатып алған жаңа инвестор кім екенін сұрады. Бірақ Ахметов мұны құпия қалдырды. "Иә, жаңа инвестор келді, ол қазақ инвесторы", - деп қана нақтылады әкім.
https://sputnik.kz/20230124/semeyde-zamanaui-zhylu-elektr-ortalygy-salynady-31390154.html
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/12/31211780_278:0:3007:2047_1920x0_80_0_0_1b78188c8532c690feee7d5e60ffa9f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
риддер, жылу электр орталығы, инвестиция
риддер, жылу электр орталығы, инвестиция
Риддер жылу электр орталығын жаңа инвестор сатып алды
Облыс әкімі жаңа меншік иесінің кім екенін айтпады, тек "қазақ инвесторы" екенін мәлімдеді
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Риддердегі жылу электр орталығының меншік иесі ауысты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер облыс басшысынан кезекті апаттан кейін Риддер ЖЭО-ның тағдыры не болатынын сұрады.
"Бүгінгі таңда сату-сатып алу шарты аяқталды. Енді бізде жаңа меншік иесі. Біз қазір солармен жұмыс істеп жатырмыз. Мен жаңа инвестор тиімді жұмыс істейді деп үміттенемін", - деп жауап берді Ахметов.
Оның айтуынша, жаңа меншік иесі ЖЭО-ны күрделі жөндеуге кем дегенде 7 миллиард теңге инвестиция құяды.
"Оның 3 миллиард теңгесі күрделі жөндеуге бағытталады. Орталықта алты қазандық бар, әрбір қазандықты біз орташа есеппен 500 миллион теңгеге бағалап отырмыз. Қалған 2,5 миллиард теңгеге жуығы қазіргі берешекті өтеуге жұмсалады, 1 миллиард теңгесі жылумен қамтуды жөндеуге, ал 1 миллиард теңгеден астамы сумен қамтамасыз ету, бірқатар инфрақұрылымдық жоба салу бойынша ағымдағы міндеттерді іске асыруға көзделеді", - деп түсіндірді облыс әкімі.
Осы орайда журналистер Риддер ЖЭО-ны сатып алған жаңа инвестор кім екенін сұрады. Бірақ Ахметов мұны құпия қалдырды.
"Иә, жаңа инвестор келді, ол қазақ инвесторы", - деп қана нақтылады әкім.