Өңірлер

Қаңтар оқиғасы: Атырауда 27 адамға қатысты сот үкімі шықты

© Sputnik / Владислав ВодневПрокуратура қызметкері
Прокуратура қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Атырау қаласында қаңтар оқиғасына қатысқан 27 адамға қатысты сот үкімі жарияланды.
Сот алдында жауап бергендердің бәрі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену және оларды қорқытып алу баптары бойынша айыпталды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Алайда 27 адамның ешқайсысы түрмеге қамалған жоқ. Барлығына рақымшылық жасалған.
Екеуі қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылса, 17-сі жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шықты. Ал 7 адамға шартты жаза қолданылған.
"Сотталушылар өз кінәсін мойындап, іс-әрекетін саралап отырған баппен келісті. Қылмыстық іс құжаттарындағы дәлелдеменің ешқайсысын дауламай, өзіне прокурордың ұсынып отырған бір жыл 6 ай және 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен келіскен болатын", - деді судья Зарема Хамидуллина.
Сотта бейнетаспа да қаралды. Сотталушыларға тағылған айып ішінара өз дәлелін таппады. Ал мемлекеттік айыптаушы сотта өз айыбын өзгертті.
Жаңалықтар
0