https://sputnik.kz/20230124/petropavlda-eki-bala-iis-gazynan-ulanyp-qaldy-31409252.html
Петропавлда екі бала иіс газынан уланып қалды
Петропавлда екі бала иіс газынан уланып қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 қаңтар – Sputnik. Петропавлда пештің қақпағы жабық қалуы салдарынан екі бала иіс газынан уланып қалды. Қазір олар облыстық ауруханада жатыр. 24.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-24T17:42+0500
2023-01-24T17:42+0500
2023-01-24T17:42+0500
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e7/01/18/31405632_0:547:899:1053_1920x0_80_0_0_0532995b74dde31ebd62a110e383c3eb.jpg
АЛМАТЫ, 24 қаңтар – Sputnik. Петропавлда пештің қақпағы жабық қалуы салдарынан екі бала иіс газынан уланып қалды. Қазір олар облыстық ауруханада жатыр.Жазатайым оқиға 23 қаңтарда Подгора шағын ауданында болған."23 қаңтар күні сағат 20:30-да облыстық өрт сөндіру қызметінің 101 телефонына 2015 жылғы ұл мен 2018 жылы туған қыздың жеке үйде уланып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Олар дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір олардың жағдайы орташа ауыр", - деді Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.Балалардың қасында олардың 30 жастағы анасы болған, бірақ ол зардап шеккен жоқ.Ересектер қатты отынмен жұмыс істейтін пештің қақпағын жауып тастағандықтан балалар уланған. Тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылғаны анықталды. Пештің жанында отын кептірілген, жанғыш материалдар жақын жерде сақталған.Бұндай оқыс оқиға жыл басталғалы бері үшінші рет болып отыр.Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 28 адам иіс газынан уланған.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/18/31405632_0:463:899:1137_1920x0_80_0_0_d2b98f7b9f58a85f630f985fde988643.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл
АЛМАТЫ, 24 қаңтар – Sputnik. Петропавлда пештің қақпағы жабық қалуы салдарынан екі бала иіс газынан уланып қалды. Қазір олар облыстық ауруханада жатыр.
Жазатайым оқиға 23 қаңтарда Подгора шағын ауданында болған.
"23 қаңтар күні сағат 20:30-да облыстық өрт сөндіру қызметінің 101 телефонына 2015 жылғы ұл мен 2018 жылы туған қыздың жеке үйде уланып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Олар дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір олардың жағдайы орташа ауыр", - деді Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.
Балалардың қасында олардың 30 жастағы анасы болған, бірақ ол зардап шеккен жоқ.
Ересектер қатты отынмен жұмыс істейтін пештің қақпағын жауып тастағандықтан балалар уланған. Тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылғаны анықталды. Пештің жанында отын кептірілген, жанғыш материалдар жақын жерде сақталған.
Бұндай оқыс оқиға жыл басталғалы бері үшінші рет болып отыр.
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 28 адам иіс газынан уланған.