Көкшетауда жас жігітті кредит алуға мәжбүрлеген бопсалаушылар ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Көкшетауда арнайы операция кезінде бопсалаушылар тобы ұсталды. Олар жас жігітті пәтерде күштеп ұстап, ірі көлемде ақша талап еткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция басқармасына 22 жастағы қала тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде қызбен танысқан. Ал кездесуден кейін оны үш жігіт ұстап алған. Пәтерге күшпен кіргізіп, ұрып-соққан. Одан кейін пышақпен қорқытып, ірі мөлшерде ақша талап еткен.
Жәбірленуші ондай ақшаны таба алмайтынын айтқан. Сол кезде бопсалаушылар оның ұялы телефонын алып, банк қосымшасы арқылы екі онлайн кредит рәсімдеген. Сосын жақын жердегі банкоматқа апарып, ақшаны алып беруге мәжбүрлеген. Жас жігіт ақшаны бергеннен кейін бірден полицияға барған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы операция кезінде күдіктілер ұсталды. Қылмыстық топтың басшысы – облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Ал екі сыбайласына қатысты шара қабылданып жатыр.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
Пистолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Өңірлер
"9 миллион теңге бопсалаған": Алматы облысында қару асынған қылмыстық топ құрықталды
Жаңалықтар
0