https://sputnik.kz/20230124/khalyqaralyq-valyuta-qorynyn-missiyasy-qazaqstanda-oz-zhumysyn-bastady-31410393.html
Халықаралық валюта қорының миссиясы Қазақстанда өз жұмысын бастады
Халықаралық валюта қорының миссиясы Қазақстанда өз жұмысын бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Халықаралық валюта қорының миссиясы Қазақстандағы екі апталық жұмысын бастады. 24.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-24T20:00+0500
2023-01-24T20:00+0500
2023-01-24T20:00+0500
ұлттық экономика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/01/18/31408833_0:26:1280:746_1920x0_80_0_0_cde8ca9c40d117a8a0210d3914b8aa2e.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Халықаралық валюта қорының миссиясы Қазақстандағы екі апталық жұмысын бастады.Бүгін ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Халықаралық валюта қорының бюджеттік мәселелер жөніндегі департаментінің аға экономисі - миссия басшысы Саже Де Клеркпен кездесті.Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, Жоғары аудиторлық палатаның, Экономикалық зерттеулер институтының және ХВҚ өкілдері қатысты.Ұлттық экономика вице-министрі Әмрин атап өткендей, ХВҚ-ның бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдары бюджет-салық саясатын одан әрі жетілдіру шеңберінде, оның ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу кезінде пайдаланылады.Халықаралық валюта қорының миссиясы 6 ақпанға дейін жалғасады.ХВҚ сарапшылары сенат депутаттарымен, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/18/31408833_126:0:1154:771_1920x0_80_0_0_591e4b3acfed61e5df3a7f00cb048fb3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық экономика министрлігі
ұлттық экономика министрлігі
Халықаралық валюта қорының миссиясы Қазақстанда өз жұмысын бастады
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Халықаралық валюта қорының миссиясы Қазақстандағы екі апталық жұмысын бастады.
"Техникалық көмек шеңберінде шетелдік сарапшылар бюджет-салық саласының ашықтық деңгейін бағалайды. Атап айтқанда, бюджеттік есептілікті, салық-бюджеттік болжамдарды және бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тәуекелдерді талдау мен басқаруды, сондай-ақ табиғи ресурстардан түсетін түсімдерді басқаруды зерделеу жоспарлануда", - деп жазылған ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.
Бүгін ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Халықаралық валюта қорының бюджеттік мәселелер жөніндегі департаментінің аға экономисі - миссия басшысы Саже Де Клеркпен кездесті.
Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, Жоғары аудиторлық палатаның, Экономикалық зерттеулер институтының және ХВҚ өкілдері қатысты.
Ұлттық экономика вице-министрі Әмрин атап өткендей, ХВҚ-ның бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдары бюджет-салық саясатын одан әрі жетілдіру шеңберінде, оның ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу кезінде пайдаланылады.
Халықаралық валюта қорының миссиясы 6 ақпанға дейін жалғасады.
ХВҚ сарапшылары сенат депутаттарымен, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.