Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германия өз таңдауын жасады

© AFP 2024 / PATRIK STOLLARZНемецкий солдат на боевом танке Leopard 2 A7 вооруженных сил Германии Бундесвер
Немецкий солдат на боевом танке Leopard 2 A7 вооруженных сил Германии Бундесвер - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Жазылу
Украинаға неміс танктерін жеткізу төңірегіндегі мәселелер әлі де шешімін таппай жатыр, деп жазды РИА Новости.
Германия канцлері аяқасты тосын мінез көрсетіп, Киевке неміс "Леопардтарын" жеткізуден бас тартты. Бұл жұма күні Рамштайн авиабазасында өткен НАТО саммитінде үлкен дау тудырды.
Бұдан кейінгі оқиғалар тіпті күтпеген бағытта өрбіді. Жексенбі күні Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок егер сәйкес өтініштер түссе, Берлин үшінші елдердің Украинаға неміс өндірісі танктерін жеткізу туралы өтініштеріне оң жауап беруге дайын екенін айтты.
Берлиннің туындаған жанжалды бәсеңдетуге тырысуына қатысты поляктар, атап айтқанда, премьер-министр, сыртқы істер министрлігі мен президент кеңсесінің өкілдері тым өткір пікір білдірді.
"Германия ұзақ уақыт бойы қос тарапты да қолдап келді. Бірақ енді мұндай ұстаныммен жүретін уақыт таусылды және бұл басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болары белгілі. Германия ондаған жылр бойы жинақтаған ауқымды әлеуетінен бір жылда айырылып қалды", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, елдің ұлттық мүдделерін қорғайтын неміс элитасы осы уақытқа дейін стратегиялық қырағылық пен ойластырылған саясатты көрсетіп келді. Олардың жүргізген жұмысының нәтижесінде Германия Еуропаның экономикалық локомотивіне және геосаяси көшбасшысына айналды. Оның үстіне немістер АҚШ-қа артықшылықтар мен жеңілдіктерді мақұлдатып, Еуропаның қорғаныс шығындарын Вашингтонға жүктеп қойды. Сондықтан мұндай үлкен геосаяси капиталды қалай жылдам әрі қарқынды түрде жоғалтып алуға болады деген сұрақ туындайды.
Бұл Вашингтонның Германиядағы бірқатар саяси партия, негізгі БАҚ, бизнестің бір бөлігін өз жағына шығарып, осы арқылы билік етуші неміс элитасының бір бөлігін бақылауда ұстауының арқасында болып отыр. Сонымен қатар америкалықтар немістердің рухын біршама басып тастағаны байқалады. Сондықтан Берлин кез келген іс-әрекетінде мұхиттың арғы жағындағы одақтасына алаңдаумен орындайды.
"Бірақ Германиядағы осы күнге дейін Ресеймен ынтымақтастықты жете түсінеді деп сеніп келген элитада да русофобия басым екені белгілі болды. Себебі елдегі элита Ресейге қарсы бірігу арқылы Германияны бүгінде туындап отырған геосаяси және экономикалық тығырыққа тіреді. Тіпті өнеркәсіптік сектордың өкілдері де Ресейді тежеуге атсалысып, өздері отырған бұтаны өздері кесті. Ал өз әріптестерін ақылға келуге шақыруға тырысқан Герхард Шредер сынды азаматтар саусақпен санарлықтай", - деп жазды мақала авторы.
Ал қазір Берлиннің 2014 жылы ұстанған ақылды әрі саналы саясатына қайта оралып жатқанын көріп отырмыз. Атлантистерге біршама қысым көрсетіліп, билік елдің мүддесін негізге ала отырып, сыртқы саяси "ойынға кірісіп жатыр". Бір өкініштісі, қазір тым кеш.
Немістер әлі де америкалықтарға өз талаптарын сенімді айтып, поляктарды орнына қойып, Еуропадағы көшбасшы елге айналып, құрылықты қайта тәуелсіз етеді деген пікір де бар. Мұндай ойды білдірген тараптар соңғы жылдағы жағдай негізгі көрсеткіш емес екенін, Берлин қазірдің өзінде қалпына келіп жатқанын айтты.
Алайда дәл осы жылы Германия Ресеймен ынтымақтастықтан қол үзді. "Солтүстік ағындарды" істен шығару бойынша оған басқа тараптар көмектескенімен Германия барлық мәселеде өзі шешім қабылдады. Сондықтан алдағы уақытта қанша ұлы дежава және ұлттық мүдделерді қорғауға талпыныс ретінде өзін танытуға тырысқанымен, Германия экономикасы америкалық мүдделерге тәуелді болмақ. Сол себепті немістердің "Леопард" танктері төңірегінде туындаған дау Германияның қай тарапты таңдауы және қандай шешім шығаруын анықтау үшін қажет болғаны белгілі.
Жаңалықтар
0