Директор мен кассир банктен 255 млн теңгені жымқырған – тергеу басталды

© Sputnik / Владислав ВодневИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Степногорск қаласында банк бөлімшесінің директоры мен кассирдің қылмысы әшкереленді. Екеуі бір айдың ішінде кассадан 255 миллион теңгені алып шыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Былтыр желтоқсан айында банк филиалында жоспарлы тексеріс өтті. Сол кезде аса ірі мөлшерде ақша жетіспейтіні анықталды. банк бөлімшесінің директоры мен кассир 255 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.
"Алдын ала ақпарат бойынша бір-бірімен сөз байласқан айыпталушылар ешбір қылмыстық схемасыз және шоттарды бұрмалаусыз жоғарыда аталған соманы бір ай ішінде кассадан алып шыққан", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыс үшін жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді. Оған қоса, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.
Жаңалықтар
0