Алматыда жазадан жалтармақ болған күдікті өзіне дене жарақатын салды

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, белгісіз біреудің Daewoo автокөлігін ұрламақ болғанын айтып шағымданды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қоңырау шалушының айтуынша, ол көлігін ұрлаған адамды жаяу аңдыған. Күдіктінің қолында кеңсе пышағы болған. Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері ер адамға көмекке келеді. Ал жазадан жалтармақ болған күдікті өзіне дене жарақатын салған. Медициналық көмек алу үшін күдікті қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
"Күдіктінің бөтен адамның көлігін Ақсай шағын ауданында ұрлап кеткені анықталды. Сол жерде ол жол апатына түскен. Көлік иесі жол апаты болған орынға жаяу жүгіріп жетіп, көлікті айдап әкеткен адамды ұстауға әрекеттенген", - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0