Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Жауап беруі керек": Алматыда 775 млн теңгенің ауруханасы қирап жатыр - фото

Жазылу
Іргетасы сөгіліп, қирап бара жатқан аурухана туралы Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан біле аласыз
2015 жылдың маусым мен 2016 жылдың қарашасы аралығында қалалық құрылыс басқармасы тапсырыс беріп, мердігер "Global Trade Center" ЖШС 200 адамға арналған емхана құрылысын бастаған.
2017 жылы жаңа нысан пайдалануға берілді. Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен салынған ғимарат денсаулық сақтау басқармасына берілді. Ал 2018 жылы емхана ғимараты 7-ші қалалық клиникалық аурухана балансына өтті. Аурухана балансына өткен күннен бастап, дәрігерлер қирап бара жатқан ғимаратты жамап-жасқаумен келеді. Бүгінге дейін жөндеу жұмыстарына 1 миллион теңге қаражат кеткен.
"4,5 жылда қирап жатқан жаңа ғимараттың сапасын қадағалаған адам жауап беруі керек. Жап-жаңа емханаға неге қайта-қайта ақша бөлуіміз керек? Біздің қалада тозығы жеткен әлеуметтік нысандар көп: балабақша, мектеп, ауруханалар бар. Қаражатты неге соларға бөлмеске", - дейді "Amanat" партиясының Алматы қалалық филиалы қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Қасымов.
© Sputnik / Айдана Дайырова

"Ғимараттағы панельдердің қосылу орындарында мезгіл-мезгіл жарықтар пайда болды. Ол жарықшақтарға тор орнатып жөндеу жасап едік, еш пайда болмады", - дейді бас дәрігердің медициналық бөлім бойынша орынбасары Ләззат Жұмаділова

"Ғимараттағы панельдердің қосылу орындарында мезгіл-мезгіл жарықтар пайда болды. Ол жарықшақтарға тор орнатып жөндеу жасап едік, еш пайда болмады", - дейді бас дәрігердің медициналық бөлім бойынша орынбасары  Ләззат Жұмаділова - Sputnik Қазақстан
1/6

"Ғимараттағы панельдердің қосылу орындарында мезгіл-мезгіл жарықтар пайда болды. Ол жарықшақтарға тор орнатып жөндеу жасап едік, еш пайда болмады", - дейді бас дәрігердің медициналық бөлім бойынша орынбасары Ләззат Жұмаділова

© Sputnik . Айдана Дайырова

Қабырғасы қақырап бара жатқан нысан мұнда қызмет ететіндерде үрей тудырады. Медицина қызметкерлері күніне бірнеше рет барып, жарықшақтарды қадағалап тұруды әдетке айналдырған. Қысқасы, салынғанына 5 жыл болмаған 775 миллион теңгелік жаңа ғимарат түбі құлап тынуы мүмкін

Қабырғасы қақырап бара жатқан нысан мұнда қызмет ететіндерде үрей тудырады. Медицина қызметкерлері күніне бірнеше рет барып, жарықшақтарды қадағалап тұруды әдетке айналдырған. Қысқасы, салынғанына 5 жыл болмаған 775 миллион теңгелік жаңа ғимарат түбі құлап тынуы мүмкін - Sputnik Қазақстан
2/6

Қабырғасы қақырап бара жатқан нысан мұнда қызмет ететіндерде үрей тудырады. Медицина қызметкерлері күніне бірнеше рет барып, жарықшақтарды қадағалап тұруды әдетке айналдырған. Қысқасы, салынғанына 5 жыл болмаған 775 миллион теңгелік жаңа ғимарат түбі құлап тынуы мүмкін

© Sputnik / Айдана Дайырова

Былтыр 24 мамырда Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті, Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, құрылыс сапасын зерттейтін ғылыми орталық пен сейсмологтар тайлы-таяғы қалмай ғимаратты зерттеп кеткен. Арнайы тексеру жүргізіп, ғимараттағы ақаулар мен іргетастың шөгуі туралы қорытынды берген

Былтыр 24 мамырда Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті, Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, құрылыс сапасын зерттейтін ғылыми орталық пен сейсмологтар тайлы-таяғы қалмай ғимаратты зерттеп кеткен. Арнайы тексеру жүргізіп, ғимараттағы ақаулар мен іргетастың шөгуі туралы қорытынды берген - Sputnik Қазақстан
3/6

Былтыр 24 мамырда Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті, Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, құрылыс сапасын зерттейтін ғылыми орталық пен сейсмологтар тайлы-таяғы қалмай ғимаратты зерттеп кеткен. Арнайы тексеру жүргізіп, ғимараттағы ақаулар мен іргетастың шөгуі туралы қорытынды берген

© Sputnik / Айдана Дайырова

"23 қаңтардан бастап емхана ғимаратына техникалық тексеру жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды. Техникалық тексеру нәтижесі қандай болады, соған лайық жөндеу жұмыстары жасалады", - дейді Ләззат Жұмаділова

"23 қаңтардан бастап  емхана ғимаратына техникалық тексеру жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды. Техникалық тексеру нәтижесі қандай болады, соған лайық жөндеу жұмыстары жасалады", - дейді  Ләззат Жұмаділова - Sputnik Қазақстан
4/6

"23 қаңтардан бастап емхана ғимаратына техникалық тексеру жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды. Техникалық тексеру нәтижесі қандай болады, соған лайық жөндеу жұмыстары жасалады", - дейді Ләззат Жұмаділова

© Sputnik / Айдана Дайырова

Ал "Amanat" партиясындағылардың айтуынша, миллиондаған қаражат желге ұшты

Ал "Amanat" партиясындағылардың  айтуынша, миллиондаған қаражат желге ұшты - Sputnik Қазақстан
5/6

Ал "Amanat" партиясындағылардың айтуынша, миллиондаған қаражат желге ұшты

© Sputnik / Айдана Дайырова

"2019 жылы емхананы қабылдап алғаннан бері қаншама хат жазылды. Өйткені емхананың бір бұрышы барған сайын құлап барады. Біз оны құрылысшыларға да көрсеттік. Ал мердігердің кепілдік уақыты бітіп қалған. Енді арнайы сараптама керек", - дейді "Amanat" партиясының Алматы қалалық филиалы қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Қасымов

"2019 жылы емхананы қабылдап алғаннан бері қаншама хат жазылды. Өйткені емхананың бір бұрышы барған сайын құлап барады. Біз оны құрылысшыларға да көрсеттік. Ал мердігердің кепілдік уақыты бітіп қалған.  Енді арнайы сараптама керек", - дейді "Amanat" партиясының Алматы қалалық филиалы қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Қасымов - Sputnik Қазақстан
6/6

Жаңалықтар
0