https://sputnik.kz/20230124/abay-oblysyn-damytuga-19-trln-tenge-zhumsalady-31391147.html
Абай облысын дамытуға 1,9 трлн теңге жұмсалады
Абай облысын дамытуға 1,9 трлн теңге жұмсалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Алдағы бес жылда Абай облысын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға 1,9 триллион теңге бөлінеді. Қаражаттың басым бөлігі – жеке... 24.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-24T10:57+0500
2023-01-24T10:57+0500
2023-01-24T10:57+0500
өңірлер
абай
облыс
теңге
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744322_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_17730ef180de2c7b3b2d415a5dc2ea13.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Алдағы бес жылда Абай облысын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға 1,9 триллион теңге бөлінеді. Қаражаттың басым бөлігі – жеке инвестициялар. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрлік Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі. Жоспар 9 бағыттан тұрады және 102 іс-шараны қамтиды. "2023-2027 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 триллион теңгені құрайды. Соның ішінде республикалық бюджет есебінен 515 миллиард теңге, жергілікті бюджет – 110 миллиард теңге, жеке инвестициялар – 1,3 триллион теңге, сондай-ақ білім инфраструктурасын қолдау қоры арқылы – 22 миллиард теңге қарастырылған", - деді Қуантыров үкімет отырысында. Кешенді жоспарда өнеркәсіпті дамыту бойынша бірқатар іс-шара қамтылған. Соның ішінде тау-кен байыту комбинатының құрылысы және "Айдарлы" мыс кен орнын игеру жұмыстары бар. Сондай-ақ 6 өндірістік нысанның құрылысы және пайдалы қазбаларды анықтау үшін ауқымды барлау, геологиялық барлау жүргізу және басқа да маңызды жобалар бар. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында суару жүйелері жабдықтарын сатып алу және инфрақұрылымды салу, ет және ет өнімдерін қайта өңдеу комбинатын, 2 сүт-тауарлы фермасын және 2 бордақылау алаңын салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, кәсіпкерлік және туризмді дамыту үшін 2 сауда ойын-сауық орталығы, 5 жұлдызды қонақ үй кешені және Алакөл көлінің жағалауында демалыс базасы салынады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды дамыту үшін Семейде және басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерде 3-ші жылу электр орталығын салу, жылу көздері мен пунктерін, электрмен жабдықтау және су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. Бұдан басқа, Семей, Аягөз, Курчатов қалаларында кәріз-тазарту имараттарының құрылысы да көзделген. Сонымен қатар 11 көпір, "Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы" учаскесінде теміржол салу және реконструкциялау, Үржар ауылында транзиттік-көлік объектісін, әуежай терминалын құру көзделген. Семей қаласынан Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына дейін және Үржар - Павлодар бағыттары бойынша әуе рейстері субсидияланады. Денсаулық сақтау саласында облыстық көпбейінді аурухана мен балалар ауруханасын, облыстық қан орталығын және 2 емхана салу көзделген. Бұдан басқа, 7 медициналық-әлеуметтік мекемелер салынады және жөнделеді. Ауыл тұрғындары ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі, ал жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 97%-ті құрайды. Жалпы 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
https://sputnik.kz/20230124/semeyde-zamanaui-zhylu-elektr-ortalygy-salynady-31390154.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744322_413:0:2664:1688_1920x0_80_0_0_ed6315fffe033220cd6f050cc3494a7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай, облыс, теңге
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Алдағы бес жылда Абай облысын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға 1,9 триллион теңге бөлінеді. Қаражаттың басым бөлігі – жеке инвестициялар. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлік Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі. Жоспар 9 бағыттан тұрады және 102 іс-шараны қамтиды.
"2023-2027 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 триллион теңгені құрайды. Соның ішінде республикалық бюджет есебінен 515 миллиард теңге, жергілікті бюджет – 110 миллиард теңге, жеке инвестициялар – 1,3 триллион теңге, сондай-ақ білім инфраструктурасын қолдау қоры арқылы – 22 миллиард теңге қарастырылған", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Кешенді жоспарда өнеркәсіпті дамыту бойынша бірқатар іс-шара қамтылған. Соның ішінде тау-кен байыту комбинатының құрылысы және "Айдарлы" мыс кен орнын игеру жұмыстары бар. Сондай-ақ 6 өндірістік нысанның құрылысы және пайдалы қазбаларды анықтау үшін ауқымды барлау, геологиялық барлау жүргізу және басқа да маңызды жобалар бар.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында суару жүйелері жабдықтарын сатып алу және инфрақұрылымды салу, ет және ет өнімдерін қайта өңдеу комбинатын, 2 сүт-тауарлы фермасын және 2 бордақылау алаңын салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, кәсіпкерлік және туризмді дамыту үшін 2 сауда ойын-сауық орталығы, 5 жұлдызды қонақ үй кешені және Алакөл көлінің жағалауында демалыс базасы салынады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды дамыту үшін Семейде және басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерде 3-ші жылу электр орталығын салу, жылу көздері мен пунктерін, электрмен жабдықтау және су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда.
Бұдан басқа, Семей, Аягөз, Курчатов қалаларында кәріз-тазарту имараттарының құрылысы да көзделген.
Сонымен қатар 11 көпір, "Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы" учаскесінде теміржол салу және реконструкциялау, Үржар ауылында транзиттік-көлік объектісін, әуежай терминалын құру көзделген. Семей қаласынан Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына дейін және Үржар - Павлодар бағыттары бойынша әуе рейстері субсидияланады.
Денсаулық сақтау саласында облыстық көпбейінді аурухана мен балалар ауруханасын, облыстық қан орталығын және 2 емхана салу көзделген. Бұдан басқа, 7 медициналық-әлеуметтік мекемелер салынады және жөнделеді.
"Осы және өзге де шараларды іске асырған жағдайда 2027 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 55,8%-ке өседі. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5 есеге, ал шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығаруы 85,6%-ке өседі", - деді министр.
Ауыл тұрғындары ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі, ал жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 97%-ті құрайды. Жалпы 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.