Жеңіл жүрісті қыздар неден қорқады: Алматы полициясы түнгі рейдке шықты – видео

© Sputnik / Sarbasov ErtayАлматы полициясы түнгі рейдке шықты
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 қаңтар – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаментіне бір тәулікте 2500 шақырту түседі. Бұл көрсеткіш жұма күндері артады. Sputnik Қазақстан тілшісі тәртіп сақшыларымен бірге түнгі рейдке шықты.
Жалпы, боди массаж атын жамылып, жезөкшелікпен айналысатындар жиі заң бұзады. Полицияның айтуынша, Алматыдағы бір ғана Бостандық ауданында жезөкшелікпен айналысатын 80 орын бар. Құқық қорғаушылар күніне кем дегенде осындай екі орынды әшкерелейді.
© Sputnik / Sarbasov ErtayАлматы полициясы түнгі рейдке шықты
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
Қолға түскен жеңіл жүрісті қыздардың айтуынша, бұл жолға түсуіне ауыр тағдыры себеп болған.
"Қазақ мемлекеттік университетіне ақылы оқуға түстім. Жылына миллион теңге төлеуге шамам келмеді. Оқуымның ақшасын төлеу үшін даяшы болып та жұмыс істедім, бірақ ақша жетпеді. Боди массажда жүргеніме екі ай болды. Полиция жұмысымызға кедергі болмаса, кредитімді жауып бітер едім. Қарызымды жапқан соң шетелге кетемін. Әрине біздің тірлігіміз өте ауыр, моральдық тұрғыдан шаршаймыз. Бірақ басқа қай жерге барып жұмыс істейміз? Еңбекақы небәрі 100 мыңның айналасы, оған қалай күн көреміз", - дейді 19 жастағы Айжан.
Қыздар бұл жүрісіне қымсынып тұрған жоқ, тіпті полициядан да қаймықпайды.
"Неден қорқатынымды білесіз бе? Осындай тірлікке етім үйреніп, қалып қоямын ба деп қорқамын. Біздің қатарымызда балалы қыздар да бар, барлығы күнкөріс үшін жүр. Әсіресе жетім қыздар көп. Негізінен күніне ең аз дегенде 8000 теңге, ал клиент көп келіп жатса 50 мың теңгеге дейін табамыз. Өкінішке қарай, жаңа жылдан бері клиент аз, келсе де полиция кедергі жасайды", - дейді Айжан.
Рейд күні полицейлер төбелес болған бірнеше орынға барды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, төбелес жұма күні мейрамханалар мен дәмханаларда көп болады. Сондай-ақ есірткі қылмысы да бұл күні көп тіркеледі. Айтпақшы, былтыр 468 есірткі қылмысы әшкереленіп, 132 есірткі сату қылмысының жолы кесілді.
© Sputnik / Sarbasov ErtayАлматы полициясы түнгі рейдке шықты
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
"Заңсыз айналымнан 715 келіден астам есірткі, оның ішінде 117 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам синтетикалық есірткінің 1,5 миллионнан астам дозасын таратудың жолын кестік. Сонымен қатар "синтетика" шығаратын 7 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі қоймасын ұйымдастырудың 2 дерегі және есірткі өсімдіктерін өсірудің 5 дерегі анықталды. Өткен жылы қала аумағында 68 бетбелгі қоюшы ұсталды", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
Рейд болған түні жол ережесін бұзғандар да көп болды. Көлік жүргізушілердің құжаты тексеріліп, айыппұл салынды. Жол ережесі демекші, былтыр 1 348 981 жол ережесі бұзылған. 3 826 жол апаты болып, салдарынан 96 адам қаза тапқан, 4 364 адам жарақат алған.
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматы полициясы түнгі рейдке шықты
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
"Полицияда қызмет еткеніме 16 жыл болды. Әрине, оңай қызмет емес. Бірақ қоғамдық тәртіпті сақтау керек. Осынша жыл қызметімде ең ауыр тигені былтырғы қаңтар оқиғасы болды. Дәл осындай оқиға болмасын деп тәртіпті күшейттік. Қазіргі күні заң бұзушылық біртіндеп азайып келеді. Негізі бұзақылық ең көп тіркеледі. Өйткені жұмыссыз жастар көп. Заңды бұзатындар да көбіне солар", - дейді Алматы полиция департаментінің полк командирі Кеңес Әубәкіров.
Дәл рейд күні алматылық тұрғынның 2022 жылы сатып алған су жаңа көлігі автотұрақтан жоғалып кетті. Алматы полициясының бүкіл экипажы әп-сәтте көлікті іздеуге кірісті. Жарты сағат өткенде көліктің табылғаны туралы ақпарат түсті. Көлік жоғалмаған, иесі қайда қойғанын өзі ұмытып қалған. Мұндай жайттар да өте жиі кездеседі.
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматы полициясы түнгі рейдке шықты
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты - Sputnik Қазақстан
1/4
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматы полициясы түнгі рейдке шықты
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты - Sputnik Қазақстан
2/4
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматы полициясы түнгі рейдке шықты
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты - Sputnik Қазақстан
3/4
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматы полициясы түнгі рейдке шықты
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты - Sputnik Қазақстан
4/4
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
1/4
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
2/4
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
3/4
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
4/4
Алматы полициясы түнгі рейдке шықты
Тағы бір тұрғын кешкі сағат жетіден бастап, түнгі 12-ге дейін өз үйіне кіре алмаған. Өйткені ішімдік ішкен күйеуі пәтер есігін ішінен іліп алып, ұйықтап қалған. Полицияның айтуынша, отбасылық жанжал өте көп. Салдарынан адам өлімі де болып тұрады.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Алматыда жалпы 2 миллионнан астам адам тұрады. Ал полицияға тәулігіне 2500 шақырту түседі.
Жаңалықтар
0