"Жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады": Тоқаев студенттер құрамасын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада табысты өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент студенттер құрамасының жарқын жеңістері күллі жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйлағанын мәлімдеді.
"Дүниежүзілік қысқы универсиадада сіздер шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігердің бірегей үлгісін көрсеттіңіздер", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы байрақты бәсекеде жастарымыз ел сенімін ақтап, алтын, күміс және қола медальдарға ие болғанын атап өтті.
"Спортшыларымыздың мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жаттықтырушыларымыз елеулі үлес қосты. Елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Құрама командамыздың Универсиада ойындарындағы тамаша өнері мыңдаған жасты жігерлендіріп, жеңістерге бастайтыны анық", – деп жазылған құттықтау хатта.
Президент Қазақстанның студенттер құрама командасының биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Жаңалықтар
0