https://sputnik.kz/20230123/toqaev-turlov-shakhmat-31374309.html
Тоқаев пен Турлов шахматты дамыту мәселесін талқылады
Тоқаев пен Турлов шахматты дамыту мәселесін талқылады
Sputnik Қазақстан
Елімізде шахмат секцияларының саны екі есе көбейеді 23.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-23T17:08+0500
2023-01-23T17:08+0500
2023-01-23T17:10+0500
спорт
шахмат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/01/17/31374040_139:0:1142:564_1920x0_80_0_0_4ab8fd2682c4f3df22fe0c0319796393.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады. Кездесу барысында елімізде шахматты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырда Қазақстанда Халықаралық шахмат федерациясымен (FIDE) бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық турнирлердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.Тимур Турлов федерацияның алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты. Атап айтқанда, федерация еліміздегі шахмат секцияларының санын 2 есе, яғни 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтуды, шахматты одан әрі дәріптеу жұмыстарын жалғастыруды, осылайша зияткерлік ұлт қалыптастыруға үлес қосу жөніндегі президент тапсырмаларын орындауды көздейді.Сондай-ақ федерация Қазақстан құрамасы көшбасшыларының әлеуетін танытуды, жаңа чемпиондарды тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп отыр.Мемлекет басшысына әлем чемпионы атағы үшін биыл 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада өтетін шахмат жарысына даярлық барысы туралы баяндалды.Қасым-Жомарт Тоқаев отандық шахмат шеберлерінің халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша, елімізде әлемнің үздік шахматшыларының қатысуымен ірі жарыстар ұйымдастыру балалар мен жастар арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді.Еске салсақ, 35 жастағы кәсіпкер және қаржыгер Тимур Турлов жуырда ғана Қазақстан шахмат федерациясының жаңа президенті болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/17/31374040_264:0:1016:564_1920x0_80_0_0_95f267efacb879fbc27cd8a84b9b320d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахмат, қасым-жомарт тоқаев
шахмат, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев пен Турлов шахматты дамыту мәселесін талқылады
17:08 23.01.2023 (жаңартылды: 17:10 23.01.2023) Елімізде шахмат секцияларының саны екі есе көбейеді
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады. Кездесу барысында елімізде шахматты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырда Қазақстанда Халықаралық шахмат федерациясымен (FIDE) бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық турнирлердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.
Тимур Турлов федерацияның алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты. Атап айтқанда, федерация еліміздегі шахмат секцияларының санын 2 есе, яғни 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтуды, шахматты одан әрі дәріптеу жұмыстарын жалғастыруды, осылайша зияткерлік ұлт қалыптастыруға үлес қосу жөніндегі президент тапсырмаларын орындауды көздейді.
Сондай-ақ федерация Қазақстан құрамасы көшбасшыларының әлеуетін танытуды, жаңа чемпиондарды тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп отыр.
Мемлекет басшысына әлем чемпионы атағы үшін биыл 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада өтетін шахмат жарысына даярлық барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық шахмат шеберлерінің халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша, елімізде әлемнің үздік шахматшыларының қатысуымен ірі жарыстар ұйымдастыру балалар мен жастар арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді.
Еске салсақ, 35 жастағы кәсіпкер және қаржыгер Тимур Турлов жуырда ғана Қазақстан шахмат федерациясының
жаңа президенті болды.