https://sputnik.kz/20230123/shetelde-enbek-quldygyna-tusken-eki-qazaqstandyq-31359762.html
Шетелде еңбек құлдығына түскен екі қазақстандық елге оралды – СІМ
Шетелде еңбек құлдығына түскен екі қазақстандық елге оралды – СІМ
Sputnik Қазақстан
Таиланд, Мьянма және Лаос шекараларының түйіскен жерінде құлдықта болған Қазақстан азаматтарына шекараны кесіп өтуге жергілікті тұрғын көмектескен 23.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-23T12:55+0500
2023-01-23T12:55+0500
2023-01-23T12:58+0500
шетелдегі қазақтар
еңбек
құлдық
сім
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_83:0:2183:1181_1920x0_80_0_0_02e8d13c241a269e5bf72ba777800f48.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Оңтүстік-Шығыс Азияда еңбек құлдығына түскен екі қазақстандық жуырда Алматыға ұшып келді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Өткен аптада екі қазақстандық Оңтүстік-Шығыс Азияда (Таиланд, Мьянма және Лаос шекарасы) еңбек құлдығына түскені хабарланған болатын. Оның айтуынша, отандастарымыз тұтқыннан қашып шыққан. Содан кейін сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен байланысқа шыққан. Қазақстандықтарға белгілі бір сомаға шекараны кесіп өтуге жергілікті тұрғын көмектескен. "Біз хабар алысымен, оларға қауіпсіз жерде жасырына тұруға кеңес бердік. Сөйтіп оларға халықаралық үкіметтік емес ұйымның қызметкерін жібердік. Ол жігіттерді қала сыртына шығарып, қонақ үйге орналастырды. Осыдан кейін біздің консулымыз Бангкоктан автокөлікпен шығып, жігіттерді Бангкокқа жеткізді", - деп баяндады мән-жайды СІМ ресми өкілі. Бангкокқа жеткеннен кейін қазақстандықтарда Таиланд визасының мерзімі өтіп кеткені анықталған. Ал бұл шұғыл түрде оларды Таиландтан депортациялауды көздейді. Қазақстандық консул бірден бұл мәселені тай билігімен шешуге кіріскен. Осылайша бір тәулік ішінде құжаттар дайын болып, билет сатып алынды. Отандастарымыз Катар арқылы Алматыға ұшып келді, деді Смадияров. СІМ ресми өкілінің айтуынша, алдын ала сөз байласқан халықаралық қылмыстық топтар көбіне үшінші тарап және әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы Қазақстан азаматтарын Таиландтағы компанияларға жұмысқа шақырады. Таиландқа келген соң, түрлі сылтау айтып, азаматтарды алаяқтық жолмен Мьянмаға жеткізеді. Сөйтіп ол жерде олар еңбек құлдығына түседі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_526:0:2101:1181_1920x0_80_0_0_46e1977dbc312939ab27632d5b6919ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шетелдегі қазақтар, еңбек, құлдық, сім
шетелдегі қазақтар, еңбек, құлдық, сім
Шетелде еңбек құлдығына түскен екі қазақстандық елге оралды – СІМ
12:55 23.01.2023 (жаңартылды: 12:58 23.01.2023) Таиланд, Мьянма және Лаос шекараларының түйіскен жерінде құлдықта болған Қазақстан азаматтарына шекараны кесіп өтуге жергілікті тұрғын көмектескен
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Оңтүстік-Шығыс Азияда еңбек құлдығына түскен екі қазақстандық жуырда Алматыға ұшып келді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өткен аптада екі қазақстандық Оңтүстік-Шығыс Азияда (Таиланд, Мьянма және Лаос шекарасы) еңбек құлдығына түскені хабарланған болатын.
"Жуырда сол жақта құлдықта болған екі жігіт аман-есен үйлеріне оралды. Біздің азаматтарға жергілікті тұрғын және халықаралық үкіметтік емес ұйым көмектесті. Өйткені ол жерде жергілікті билік жұмыс істей қоймайды", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Оның айтуынша, отандастарымыз тұтқыннан қашып шыққан. Содан кейін сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен байланысқа шыққан. Қазақстандықтарға белгілі бір сомаға шекараны кесіп өтуге жергілікті тұрғын көмектескен.
"Біз хабар алысымен, оларға қауіпсіз жерде жасырына тұруға кеңес бердік. Сөйтіп оларға халықаралық үкіметтік емес ұйымның қызметкерін жібердік. Ол жігіттерді қала сыртына шығарып, қонақ үйге орналастырды. Осыдан кейін біздің консулымыз Бангкоктан автокөлікпен шығып, жігіттерді Бангкокқа жеткізді", - деп баяндады мән-жайды СІМ ресми өкілі.
Бангкокқа жеткеннен кейін қазақстандықтарда Таиланд визасының мерзімі өтіп кеткені анықталған. Ал бұл шұғыл түрде оларды Таиландтан депортациялауды көздейді.
Қазақстандық консул бірден бұл мәселені тай билігімен шешуге кіріскен. Осылайша бір тәулік ішінде құжаттар дайын болып, билет сатып алынды. Отандастарымыз Катар арқылы Алматыға ұшып келді, деді Смадияров.
СІМ ресми өкілінің айтуынша, алдын ала сөз байласқан халықаралық қылмыстық топтар көбіне үшінші тарап және әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы Қазақстан азаматтарын Таиландтағы компанияларға жұмысқа шақырады. Таиландқа келген соң, түрлі сылтау айтып, азаматтарды алаяқтық жолмен Мьянмаға жеткізеді. Сөйтіп ол жерде олар еңбек құлдығына түседі.