https://sputnik.kz/20230123/resey-askeri-artemovskti-qorshauga-aludy-udetti-31472967.html
Ресей әскері Артемовскті қоршауға алуды үдетті
Ресей әскері Артемовскті қоршауға алуды үдетті
Sputnik Қазақстан
Ресейлік әскер арнайы әскери операция аймағында 800 шақырымдық майдан шебінде жүйелі түрде алға жылжып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр... 23.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-23T22:47+0500
2023-01-23T22:47+0500
2023-01-30T12:48+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29481143_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_af446f375f245b3052f0a3860647dbda.jpg
Ресейлік әскер арнайы әскери операция аймағында 800 шақырымдық майдан шебінде жүйелі түрде алға жылжып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Артемовск қаласы мен Запорожье бағытында қорғаныс тиімді бұзылып, қарсы тараптың әскері қиратылып жатыр. Украинадағы жаппай жұмылдырудың алтыншы толқыны және Батыс қару-жарақтарының жаңа жеткізілімдері Украина Қарулы күштері мен НАТО-ға соғыс қимылдарының сипатын өзгертуге көмектеспейді. Себеб, Ресей Қарулы күштерінің атыс күші, тактикалық және стратегиялық басымдығы белгілі болып отыр.Ресей әскерінің бөлімшелері мен "Вагнер" жеке меншік әскери компанияның шабуылдау жасақтары Артемовск/Бахмуттағы мыңдаған украин гарнизонының жедел қоршауды әдістемелік түрде аяқтады. Шығыстағы украин әскері солтүстіктен және оңтүстіктен, қаладан екі негізгі жол Славянск және Константиновка бағытында қысылып жатыр.Украин әскеріне резервтер мен оқ-дәрі жеткізу қиындап барады. Сондықтан олар артиллерия мен басқа да әскери техниканы тұрғын аудандарда жасырып жатыр. Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшылығы әуе арқылы қорғануға тырысқанымен, Ми-8 екі ікұшағы кеше межелі жерге жете алмады.Донецк бағытында ресейлік әскерлер жедел-тактикалық және армия авиациясының, зымыран күштерінің және артиллерияның атыс қолдауымен Славянск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде орналасқан Краснополье ауылын азат етті.Бір уақытта Ресей Қарулы күштері Украина әскерлерінің Запорожье бағытында бірінші қорғаныс шебін бұзып, бір тәулікте шамамен 7 шақырым алға ілгерілеп, бірнеше елді мекендерді азат етті. Сондай-ақ Гуляйполе және Орехов қалаларында шабуылдауды үдетіп жатыр. Бүгінде Ресей 2022 жылғы қыркүйектегі референдум қорытындысы бойынша Ресей Федерациясының құрамына енген Запорожье облысы аумағының 75 пайызын бақылауда ұстап отыр."Соледар мен оған жақын елді мекендерді азат еткеннен кейін ресейлік әскерлер бірнеше бағытта Северск қаласына қарай жылжыды. Қарсылас Кременная ауданында ара-тұра белсенді әрекет еткенімен, Украина Қарулы күштерінің қолбасшылығы майдан шебінің ешқандай учаскесінде басымдықты ұстай алмай отыр. Украина әскерінің қарсы шабуыл әрекеті қатаң түрде жаншылып жатыр", - деп жазды Хроленко.Әскери шолушының мәліметінше, Бас әскери барлау басқармасы ақпанда Ресей әскері Харьков облысындағы Купянск бағытында шабуылдарды үдетеді. Сондықтан Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылға толық дайындалып жатқаны күмән тудырады. Бірақ Батыс дәл осы нұсқаны алға тартып отыр.НАТО бойынша одақтастар Украина Қарулы күштеріне немістердің "Леопардтарын" жеткізу үшін Германияны асықтырып жатыр. Ал Берлин нақты шешім қабылдауды әлі де созып жатыр. Конгресте АҚШ Ақ үй әкімшілігін Қырымдағы соққылар үшін америкалық M1 Abrams танктері мен ATACMS баллистикалық зымырандарын Киевке беруге шақырды. Президент Владимир Зеленский мен Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный НАТО-ның жүздеген танкіне сенім артып отыр.Бірақ CNN арнасы ескірген Т-72 танктері украин жеріндегі әскери іс-қимыл театрында тиімділік көрсетпей отырғанын жазды. Француздардың Agoravox басылымы көп уақыттан бері майдан шебінде Ресей басымдыққа ие болып отырғанын жазды.Ресей әскері арнайы әскери операция басталған 11 айдың ішінде Украина Қарулы Күштеріне тиесілі 7600-ден астам танкі мен басқа да броньдалған машинасын, оның ішінде 2000-нан астам танкті жойды. Бүгінде Ресей өз әскерін заманауи Т-90М "Прорыв" танктерімен қарқынды түрде қамтамасыз етіп жатыр."Киев режиміне жаңа қару-жарақ жеткізу жағдайды өзгертпейді. Алайда, Батыстың бұл әрекеті Ресейді арнайы әскери операция аумағын Украинадан тыс жерлерде кеңейтуге себеп болуы мүмкін", - деп жазды Хроленко.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29481143_149:0:2880:2048_1920x0_80_0_0_0955f42ab641d029e97a57cc4a675525.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресейлік әскер арнайы әскери операция аймағында 800 шақырымдық майдан шебінде жүйелі түрде алға жылжып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Артемовск қаласы мен Запорожье бағытында қорғаныс тиімді бұзылып, қарсы тараптың әскері қиратылып жатыр. Украинадағы жаппай жұмылдырудың алтыншы толқыны және Батыс қару-жарақтарының жаңа жеткізілімдері Украина Қарулы күштері мен НАТО-ға соғыс қимылдарының сипатын өзгертуге көмектеспейді. Себеб, Ресей Қарулы күштерінің атыс күші, тактикалық және стратегиялық басымдығы белгілі болып отыр.
Ресей әскерінің бөлімшелері мен "Вагнер" жеке меншік әскери компанияның шабуылдау жасақтары Артемовск/Бахмуттағы мыңдаған украин гарнизонының жедел қоршауды әдістемелік түрде аяқтады. Шығыстағы украин әскері солтүстіктен және оңтүстіктен, қаладан екі негізгі жол Славянск және Константиновка бағытында қысылып жатыр.
Украин әскеріне резервтер мен оқ-дәрі жеткізу қиындап барады. Сондықтан олар артиллерия мен басқа да әскери техниканы тұрғын аудандарда жасырып жатыр. Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшылығы әуе арқылы қорғануға тырысқанымен, Ми-8 екі ікұшағы кеше межелі жерге жете алмады.
Донецк бағытында ресейлік әскерлер жедел-тактикалық және армия авиациясының, зымыран күштерінің және артиллерияның атыс қолдауымен Славянск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде орналасқан Краснополье ауылын азат етті.
Бір уақытта Ресей Қарулы күштері Украина әскерлерінің Запорожье бағытында бірінші қорғаныс шебін бұзып, бір тәулікте шамамен 7 шақырым алға ілгерілеп, бірнеше елді мекендерді азат етті. Сондай-ақ Гуляйполе және Орехов қалаларында шабуылдауды үдетіп жатыр. Бүгінде Ресей 2022 жылғы қыркүйектегі референдум қорытындысы бойынша Ресей Федерациясының құрамына енген Запорожье облысы аумағының 75 пайызын бақылауда ұстап отыр.
"Соледар мен оған жақын елді мекендерді азат еткеннен кейін ресейлік әскерлер бірнеше бағытта Северск қаласына қарай жылжыды. Қарсылас Кременная ауданында ара-тұра белсенді әрекет еткенімен, Украина Қарулы күштерінің қолбасшылығы майдан шебінің ешқандай учаскесінде басымдықты ұстай алмай отыр. Украина әскерінің қарсы шабуыл әрекеті қатаң түрде жаншылып жатыр", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының мәліметінше, Бас әскери барлау басқармасы ақпанда Ресей әскері Харьков облысындағы Купянск бағытында шабуылдарды үдетеді. Сондықтан Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылға толық дайындалып жатқаны күмән тудырады. Бірақ Батыс дәл осы нұсқаны алға тартып отыр.
НАТО бойынша одақтастар Украина Қарулы күштеріне немістердің "Леопардтарын" жеткізу үшін Германияны асықтырып жатыр. Ал Берлин нақты шешім қабылдауды әлі де созып жатыр. Конгресте АҚШ Ақ үй әкімшілігін Қырымдағы соққылар үшін америкалық M1 Abrams танктері мен ATACMS баллистикалық зымырандарын Киевке беруге шақырды. Президент Владимир Зеленский мен Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный НАТО-ның жүздеген танкіне сенім артып отыр.
Бірақ CNN арнасы ескірген Т-72 танктері украин жеріндегі әскери іс-қимыл театрында тиімділік көрсетпей отырғанын жазды. Француздардың Agoravox басылымы көп уақыттан бері майдан шебінде Ресей басымдыққа ие болып отырғанын жазды.
Ресей әскері арнайы әскери операция басталған 11 айдың ішінде Украина Қарулы Күштеріне тиесілі 7600-ден астам танкі мен басқа да броньдалған машинасын, оның ішінде 2000-нан астам танкті жойды. Бүгінде Ресей өз әскерін заманауи Т-90М "Прорыв" танктерімен қарқынды түрде қамтамасыз етіп жатыр.
"Киев режиміне жаңа қару-жарақ жеткізу жағдайды өзгертпейді. Алайда, Батыстың бұл әрекеті Ресейді арнайы әскери операция аумағын Украинадан тыс жерлерде кеңейтуге себеп болуы мүмкін", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram
арнасы.