https://sputnik.kz/20230123/qubylmaly-alemde-quatty-polyuske-aynalu-kerek--putin-eaes-turaly-31373349.html
Құбылмалы әлемде қуатты полюске айналу керек – Путин ЕАЭО туралы
Құбылмалы әлемде қуатты полюске айналу керек – Путин ЕАЭО туралы
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері Ресей Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне төрағалық етеді 23.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-23T16:33+0500
2023-01-23T16:33+0500
2023-08-10T12:23+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0d/28429144_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_3c171d7ef44e72bf3b00351fae1d0f06.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин өңірлік бірлестікке төрағалық ететін мемлекеттің басшысы ретінде Еуразиялық одақтағы әріптестеріне үндеу жасады.Құжатта аталып өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ құрылған күннен бастап өзінің тиімділігі мен өзектілігін көрсете отырып, тұрақты дамып келеді. Одаққа мүше елдер арасындағы өзара сауда көлемі 60%-ке артып, 2021 жылы 73,1 миллиард долларды құрап, тарихи рекордқа жетті, ал сыртқы сауда көлемі 46%-ке өсіп, 846,3 миллиард долларды құрады."Одақтың қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемнің қуатты, тәуелсіз, өзін-өзі қамтамасыз ететін полюстерінің біріне айналуға, біздің құндылықтарымызды қолдайтын және ЕурАзЭО-мен ынтымақтастыққа ұмтылатын барлық тәуелсіз мемлекет үшін тартылыс орталығы болуға барлық мүмкіндігі бар", - деп жазылған үндеуде.ЕурАзЭО-ға мүше елдердің технологиялық әлеуетін дамыту бірлескен жұмыстың маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі болып саналады. Төрағалық етуші тарап автомобиль және химия өнеркәсібі, машина жасау, микроэлектроника, авиация өнеркәсібі, кеме жасау, фармацевтика, цифрлық экожүйелер, баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы саласындағы машина жасау, биотехнология және тұқым шаруашылығы сынды экономиканың жетекші салаларында озық ғылыми-техникалық шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша күш-жігерді біріктіруді ұсынды.Ресей президенті өз үндеуінде ЕурАзЭҚ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағы, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасы мемлекеттерімен халықаралық байланыстар географиясын кеңейту Одақ өнімдерінің экспортын арттыруға және жаңа логистикалық желілерді құруға ықпал ететінін атап көрсетті."Мыңдаған жылдан астам уақыт бойы біздің халықтарымыз бірге өмір сүріп, өздерінің географиялық кеңістігін бірге игеріп жатыр.Тарихи тағдырға қатысты ортақ түсінік, көп ғасырлық шаруашылық байланыстарды ұғыну, Одақ халықтарының мәдени және әлеуметтік қауымдастығын сақтау және нығайту біздің бүкіл қызметіміздің табысты болуының кепілі саналады", - деп түйіндеді сөзін Владимир Путин.Ресей президенті Одақ мүшелері бірігіп, халықтардың игілігі үшін интеграциялық ынтымақтастықты дамытуда жаңа елеулі нәтижелерге қол жеткізеді деген пікірін білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0d/28429144_41:0:1197:867_1920x0_80_0_0_b164eb524199b293dc1c34c4112a24bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Құбылмалы әлемде қуатты полюске айналу керек – Путин ЕАЭО туралы
16:33 23.01.2023 (жаңартылды: 12:23 10.08.2023) Жыл басынан бері Ресей Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне төрағалық етеді
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин өңірлік бірлестікке төрағалық ететін мемлекеттің басшысы ретінде Еуразиялық одақтағы әріптестеріне үндеу жасады.
"Пандемия және бірқатар елдің заңсыз санкцияларды қолдануы салдарынан шиеленісе түскен кедейлік, климаттың өзгеруі, азық-түлік, су, энергия сынды ресурстардың тапшылығы секілді жаһандық проблемаларға төтеп беруде біздің тығыз интеграциямыз лайықты жауап болды", - деп жазылған Ресей президенті Владимир Путиннің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына арнаған үндеуінде.
Құжатта аталып өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ құрылған күннен бастап өзінің тиімділігі мен өзектілігін көрсете отырып, тұрақты дамып келеді. Одаққа мүше елдер арасындағы өзара сауда көлемі 60%-ке артып, 2021 жылы 73,1 миллиард долларды құрап, тарихи рекордқа жетті, ал сыртқы сауда көлемі 46%-ке өсіп, 846,3 миллиард долларды құрады.
"Одақтың қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемнің қуатты, тәуелсіз, өзін-өзі қамтамасыз ететін полюстерінің біріне айналуға, біздің құндылықтарымызды қолдайтын және ЕурАзЭО-мен ынтымақтастыққа ұмтылатын барлық тәуелсіз мемлекет үшін тартылыс орталығы болуға барлық мүмкіндігі бар", - деп жазылған үндеуде.
ЕурАзЭО-ға мүше елдердің технологиялық әлеуетін дамыту бірлескен жұмыстың маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі болып саналады. Төрағалық етуші тарап автомобиль және химия өнеркәсібі, машина жасау, микроэлектроника, авиация өнеркәсібі, кеме жасау, фармацевтика, цифрлық экожүйелер, баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы саласындағы машина жасау, биотехнология және тұқым шаруашылығы сынды экономиканың жетекші салаларында озық ғылыми-техникалық шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша күш-жігерді біріктіруді ұсынды.
"Біз Мысыр, Иран және Үндістанмен осы тектес келісімдер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды аяқтауға, сондай-ақ Индонезия және Біріккен Араб Әмірліктерін қоса алғанда басқа мемлекеттермен келіссөздердің жаңа жолдарын қарастыруға жан-жақты үлес қосуға ниеттіміз", - деп жазылған құжатта.
Ресей президенті өз үндеуінде ЕурАзЭҚ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағы, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасы мемлекеттерімен халықаралық байланыстар географиясын кеңейту Одақ өнімдерінің экспортын арттыруға және жаңа логистикалық желілерді құруға ықпал ететінін атап көрсетті.
"Мыңдаған жылдан астам уақыт бойы біздің халықтарымыз бірге өмір сүріп, өздерінің географиялық кеңістігін бірге игеріп жатыр.Тарихи тағдырға қатысты ортақ түсінік, көп ғасырлық шаруашылық байланыстарды ұғыну, Одақ халықтарының мәдени және әлеуметтік қауымдастығын сақтау және нығайту біздің бүкіл қызметіміздің табысты болуының кепілі саналады", - деп түйіндеді сөзін Владимир Путин.
Ресей президенті Одақ мүшелері бірігіп, халықтардың игілігі үшін интеграциялық ынтымақтастықты дамытуда жаңа елеулі нәтижелерге қол жеткізеді деген пікірін білдірді.