https://sputnik.kz/20230123/qazaqstan-augan-studentterine-bilim-beru-bagdarlamasyn-zhalgastyrady-31360100.html
Қазақстан ауған студенттеріне білім беру бағдарламасын жалғастырады
Қазақстан ауған студенттеріне білім беру бағдарламасын жалғастырады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда ауған студенттеріне білім беру бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек... 23.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-23T13:17+0500
2023-01-23T13:17+0500
2023-01-23T13:17+0500
білім
қазақстан
студент
ауғанстан
білім
https://sputnik.kz/img/07e7/01/11/31184371_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_672ef558da83e7bb041fd3f6785a69ec.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда ауған студенттеріне білім беру бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ауған студенттеріне арналған білім бағдарламасын жандандыру мәселесі 19-20 қаңтарда Брюссель қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері және Еуроодақтың Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің үшінші отырысында көтерілді. Қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев бастап барған. Отырыста, сондай-ақ өңірлік сын-қатерлерге шолу жасау және ауған халқына үздіксіз көмек көрсету бойынша тараптардың ынтымақтастығы талқыланған. "Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілік пен орнықты дамуға жан-жақты қолдау расталды. Ауғанстандағы әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау жағдайының нашарлауына байланысты алаңдаушылық білдірілді", - деді СІМ ресми өкілі. Талғат Қалиев Қазақстан тарапы ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша алған ұлттық міндеттемелерін толық жүзеге асыруды көздеп отырғанын мәлімдеді. Бұл тұрғыда қазақстандық аграрлық кәсіпорындардың БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен өзара іс-қимылы аталып өтті. Мәселен, СІМ ақпаратынша, осы іспеттес ынтымақтастық аясында 2022 жылдың бірінші жартысында Ауғанстанға 456 мың тонна қазақстандық ұн жеткізілген. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар бірлескен мәлімдеме қабылдады.
қазақстан
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/11/31184371_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_8d080fa589e0a5465cc36476fa90f27a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, студент, ауғанстан, білім
қазақстан, студент, ауғанстан, білім
Қазақстан ауған студенттеріне білім беру бағдарламасын жалғастырады
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда ауған студенттеріне білім беру бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ауған студенттеріне арналған білім бағдарламасын жандандыру мәселесі 19-20 қаңтарда Брюссель қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері және Еуроодақтың Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің үшінші отырысында көтерілді. Қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев бастап барған.
"Отандық жоғары оқу орындары Еуроодақ қаржыландыратын және БҰҰ Даму бағдарламасы іске асыратын Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасына белсенді қатысуын жалғастыратынын растады", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Отырыста, сондай-ақ өңірлік сын-қатерлерге шолу жасау және ауған халқына үздіксіз көмек көрсету бойынша тараптардың ынтымақтастығы талқыланған.
"Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілік пен орнықты дамуға жан-жақты қолдау расталды. Ауғанстандағы әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау жағдайының нашарлауына байланысты алаңдаушылық білдірілді", - деді СІМ ресми өкілі.
Талғат Қалиев Қазақстан тарапы ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша алған ұлттық міндеттемелерін толық жүзеге асыруды көздеп отырғанын мәлімдеді. Бұл тұрғыда қазақстандық аграрлық кәсіпорындардың БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен өзара іс-қимылы аталып өтті.
Мәселен, СІМ ақпаратынша, осы іспеттес ынтымақтастық аясында 2022 жылдың бірінші жартысында Ауғанстанға 456 мың тонна қазақстандық ұн жеткізілген.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар бірлескен мәлімдеме қабылдады.