https://sputnik.kz/20230123/prezident-air-astana-qyzmetin-on-bagalady-31364162.html
Президент Air Astana қызметін оң бағалады
Президент Air Astana қызметін оң бағалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевAir Astana президенті Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 23.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-23T14:36+0500
2023-01-23T14:36+0500
2023-01-23T14:36+0500
қасым-жомарт тоқаев
эйр астана
https://sputnik.kz/img/07e7/01/17/31362982_97:0:1052:537_1920x0_80_0_0_a0e099141266ec526bbc5d9b2817c7ee.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевAir Astana президенті Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе компаниясының 2022 жылғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ компанияның 2023-2027 жылдарға арналған жоспары баяндалды.Air Astana компаниясы өз әуе паркін Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner секілді жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл ұшақтар елімізге 2025 жылы жеткізіледі.Питер Фостер компанияның бөлімшесі Fly Arystan лоукостерінің жұмыс перспективасы және 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындық туралы баяндады.Президент Air Astana қызметін оң бағалап, компанияның ұшақ санын арттыруды және ұшу географиясын кеңейтуді көздейтін стратегиясына оң баға берді.Сондай-ақ кездесу барысында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/17/31362982_216:0:932:537_1920x0_80_0_0_ba4ba8f3ff41675d82fcf658fd9e725e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, эйр астана
қасым-жомарт тоқаев, эйр астана
Президент Air Astana қызметін оң бағалады
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевAir Astana президенті Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе компаниясының 2022 жылғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ компанияның 2023-2027 жылдарға арналған жоспары баяндалды.
Air Astana компаниясы өз әуе паркін Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner секілді жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл ұшақтар елімізге 2025 жылы жеткізіледі.
Питер Фостер компанияның бөлімшесі Fly Arystan лоукостерінің жұмыс перспективасы және 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындық туралы баяндады.
Президент Air Astana қызметін оң бағалап, компанияның ұшақ санын арттыруды және ұшу географиясын кеңейтуді көздейтін стратегиясына оң баға берді.
Сондай-ақ кездесу барысында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланды.