Қоғам

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрі енгізіледі

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрін енгізу жоспарланып отыр. Жаңашылдық еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық реформаны жетілдіру жөніндегі шаралар пакетінде қамтылған, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Елімізде көппәтерлі тұрғын үй қорын басқарудың жаңа тәсіліне көшіруге байланысты жұмыс жоспарлы түрде жалғасып келеді. Биыл басқарудың тың тетігіне 45 148 көппәтерлі тұрғын үй (97,1%) көшірілді. Енді республиканың 3 өңірінде 1 366 (2,9%) көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың формасына көшіру қажет.
"Басқарудың жаңа түрлерін енгізуге арналған реформаны жетілдіру мақсатында таяуда түзетулер пакеті әзірленіп, соған сәйкес жиналысты өткізудің кейбір функцияларын беру арқылы Тұрғын үй кеңесінің өкілеттіктерін күшейту, қаржылық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде жиналыс кворумын азайту (жалпы жиналыстың 2/3-тен 51%-ға дейін) және жазбаша сауалнама мерзімін екі айға дейін ұзарту қарастырылады", - деп мәлімдеді министрлік.
Бұдан бөлек көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару түрлері бойынша градациялау енгізу ұсынылды. Атап айтқанда, тікелей бірлескен басқару - 16 пәтерге дейін, қарапайым серіктестік – 30 пәтерге дейін және мүлік иелерінің бірлестігі – 30-дан артық пәтерге дейін.
Қазір "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы парламент сенатында қаралып жатыр.
Жаңалықтар
0