https://sputnik.kz/20230123/konstitutsiyalyq-sot-qazaqstandyqtar-otinish-31371073.html
Конституциялық сотқа қазақстандықтардан 500-ден астам өтініш түсті
Конституциялық сотқа қазақстандықтардан 500-ден астам өтініш түсті
Sputnik Қазақстан
Олардың 90 пайызы заңнама талаптарына сай жазылмағандықтан кері қайтарылған 23.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-23T15:19+0500
2023-01-23T15:19+0500
2023-01-23T15:19+0500
қоғам
сот
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30848131_0:104:3271:1944_1920x0_80_0_0_34221f74dde50768f75967faf1b11aae.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованың төрағалығымен азаматтардың Конституциялық сотқа жолдаған өтініштерін қарауға қатысты мәселелер талқыланды.Азаматтың Конституциялық сотқа өтінішпен жүгіну құқығы Ата заңның 72-бабында бекітілген.Өтініштердің 60%-тен астамында соттар конституциялық нормаларға қайшы келетін даулы актілерді қолданғаны не азаматтың қатысуымен азаматтық немесе әкімшілік істердегі құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты болған нақты жағдайлар көрсетілмеген.Сондай-ақ, бірқатар өтініш заңды тұлғалардың атынан келіп түскен. Ал азаматтардың заңды өкілдері ретінде заң консультанттары палатасының мүшелері, адвокаттар, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйым мүшелерінің немесе басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті тұлғалары ғана өтініш бере алады.Конституциялық сот аппаратының мәліметінше, өтініштердің 90%-тен астамы Конституциялық заңның 41, 44, 45-баптарының талаптарын сақталмай жолданған."Осыған байланысты алғашқы қарау нәтижелері бойынша азаматтар мен ұйымдар атынан өтініш берушілердің атына заңнамалық талаптарды түсіндіре отырып және анықталған заңбұзушылықтар жойылған жағдайда қайта жүгіну мүмкіндігі сақталатынын көрсетіп, егжей-тегжейлі жауаптар жолданып жатыр", - деп атап өтті Конституциялық сот.Эльвира Әзімова кері қайтарылған өтініштерде көтерілген проблемаларға талдау жасалатынын айтты.Конституциялық сотқа өтініш Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі, eGov және e-Otinish арқылы, сонымен қатар қағаз жеткізгішпен қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 13 мекенжайы, хат-хабарларды қабылдау пункті. Тел: 8(7172) 576398, 576340.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30848131_271:0:3000:2047_1920x0_80_0_0_0883ff75bef48679fd0b21db01950d2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, қазақстандықтар
Конституциялық сотқа қазақстандықтардан 500-ден астам өтініш түсті
Олардың 90 пайызы заңнама талаптарына сай жазылмағандықтан кері қайтарылған
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованың төрағалығымен азаматтардың Конституциялық сотқа жолдаған өтініштерін қарауға қатысты мәселелер талқыланды.
Азаматтың Конституциялық сотқа өтінішпен жүгіну құқығы Ата заңның 72-бабында бекітілген.
"Бүгінгі таңда Конституциялық сотқа азаматтардан 500-ден аса өтініш келіп түсті. Олардың басым бөлігі екі жылдан астам уақыт бұрын күшіне енген қылмыстық сот үкімдерінің күшін жоюға, тексеруге және қайта қарауға қатысты. Ал заңға сәйкес азаматтың өтініші, егер ол сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде берілсе ғана қарауға жатады", - деп хабарлады Конституциялық соттың баспасөз қызметі.
Өтініштердің 60%-тен астамында соттар конституциялық нормаларға қайшы келетін даулы актілерді қолданғаны не азаматтың қатысуымен азаматтық немесе әкімшілік істердегі құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты болған нақты жағдайлар көрсетілмеген.
Сондай-ақ, бірқатар өтініш заңды тұлғалардың атынан келіп түскен. Ал азаматтардың заңды өкілдері ретінде заң консультанттары палатасының мүшелері, адвокаттар, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйым мүшелерінің немесе басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті тұлғалары ғана өтініш бере алады.
Конституциялық сот аппаратының мәліметінше, өтініштердің 90%-тен астамы Конституциялық заңның 41, 44, 45-баптарының талаптарын сақталмай жолданған.
"Осыған байланысты алғашқы қарау нәтижелері бойынша азаматтар мен ұйымдар атынан өтініш берушілердің атына заңнамалық талаптарды түсіндіре отырып және анықталған заңбұзушылықтар жойылған жағдайда қайта жүгіну мүмкіндігі сақталатынын көрсетіп, егжей-тегжейлі жауаптар жолданып жатыр", - деп атап өтті Конституциялық сот.
Эльвира Әзімова кері қайтарылған өтініштерде көтерілген проблемаларға талдау жасалатынын айтты.
Конституциялық сотқа өтініш Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі, eGov және e-Otinish арқылы, сонымен қатар қағаз жеткізгішпен қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 13 мекенжайы, хат-хабарларды қабылдау пункті. Тел: 8(7172) 576398, 576340.