Бұрынғы McDonald's-тың кейбір мейрамханасы тағы да жұмысқа кірісті

© SputnikВ Алматы на бывших зданиях McDonald's появилась вывеска "МыОткрыты"
В Алматы на бывших зданиях McDonald's появилась вывеска МыОткрыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Бұрын McDonald's брендімен жұмыс істеген Food Solutions KZ-тің кейбір мейрамханасы жұмысын қайта бастағанын хабарлады.
© Sputnik/Ертай СарбасовБұрынғы McDonald's-тың кейбір мейрамханалары тағы да жұмысқа кірісті
В Алматы на бывших зданиях McDonald's появилась вывеска МыОткрыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Бұрынғы McDonald's-тың кейбір мейрамханалары тағы да жұмысқа кірісті
Жылдам тамақтануға арналған дәмханаларды ашу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бастапқы кезеңде Алматыдағы 13 мейрамхананың бесеуі жұмыс істейді.
Sputnik Қазақстан тілшісі жаңа ашылған дәмханалардың бірінде болып қайтты. Зал лық толы болмағанымен, таңғы уақытта жылдам дайындалатын тағамға деген сұраныс бар. Тамақтың форматы бұрынғы McDonald's-қа ұқсас. Мәзірдегі бағалар да бұрынғыдай болып қалды. Сондай-ақ котлет етін жеткізу реттелді және бұл ішінара жергілікті жеткізушілердің өнімдері, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне мейрамханадағылар.
© SputnikБұрынғы McDonald's-тың кейбір мейрамханалары тағы да жұмысқа кірісті
В Алматы на бывших зданиях McDonald's появилась вывеска МыОткрыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Бұрынғы McDonald's-тың кейбір мейрамханалары тағы да жұмысқа кірісті
"Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, бірақ жақын арада жаңа атауымызды хабарлаймыз", - дейді "Food Solutions KZ" ЖШС бас директоры Әсет Машанов.
Компаниядағылар дайындық жұмыстары жүргізілгенін, дәмханаларға барлық қажетті өнім жеткізіліп, олар ресми ашылуға дайын екенін айтты.

Алматыдағы ашық дәмханалар

1.
Алатау, Төле би көшесі, 41 (Қонаев көшесінің бұрышы);
2.
MEGA Alma -ata, Розыбакиева көшесі, 247А;
3.
Байқоңыр, Мұстафина көшесі, 5А;
4.
Бұқар жырау, Минин көшесі, 14/1 (Бұқар жырау – Байтұрсынов);
5.
Динамо, Шевченко көшесі, 85 A (Сейфуллин даңғылының қиылысында).
Нысандар жабылған уақытта жұмыс істеген мейрамханалардың барлық қызметкердің жұмыс орны, жалақылары және басқа да жұмыс жағдайлары толығымен сақталады.
© SputnikАлматыдағы 13 мейрамхананың бесеуі жұмыс істейді
В Алматы на бывших зданиях McDonald's появилась вывеска МыОткрыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Алматыдағы 13 мейрамхананың бесеуі жұмыс істейді
Бұған дейін Алматыдағы бұрынғы McDonald's ғимараттарында "Біз ашылдық" деген белгі пайда болғаны хабарланды.
Қазақстандағы McDonald's ("Food Solutions KZ" ЖШС) қараша айының ортасында жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты жұмысын тоқтатты. Себбебі, франчайзер ресейлік жеткізушілерден котлета етін сатып алуға тыйым салды.
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегідей түсіндіргендей, McDonalds өкілдері қазақстандық өнімге көшуге дайын болғанымен, бұл үшін жергілікті жеткізушілерге тиісті қымбат сертификаттар алуға тура келді. Процедуралар аудиттен басталды, бірақ сертификаттау ұзаққа созылып, осы кезеңде мейрамханалар жұмысын тоқтата тұрды.
Жаңалықтар
0