Алматыда бұрынғы McDonald's мейрамханалары қайта ашылды ма – фото
"Food Solutions KZ" ЖШС бас директоры Әсет Машановтың айтуынша, жылдам қызмет көрсету мейрамханаларын ашу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және алғашқы уақытта Алматыда 5 мейрамхана жұмыс істейді.

"Біз әр қаладағы мейрамханаларды кезең-кезеңімен ашамыз. Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, бірақ жақын арада жаңа атауды таныстырамыз", - деп түсіндірді Food Solutions KZ басшысы.

Машановтың айтуынша, мейрамханалар жабылған кезде жұмыс істеген барлық қызметкердің жұмыс орны, жалақысы және басқа да еңбек жағдайлары толық көлемде сақталады.

Қазір Алматыда бұрынғы McDonald's мейрамханасының қасбетінде "Біз ашықпыз" деген жазу ілулі тұр.

Қазақстанның әділет министрлігі тауар таңбасын тіркеуге кемінде жеті ай қажет екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарлады.

Осы себепті елімізде "Дәмді – және нүкте" тауар белгісі тіркелді деуге әлі ерте, деп түсіндірді тиісті ведомстводағылар.

"Food Solutions KZ" ЖШС басшысы Әсет Машанов бұған дейін компанияның жергілікті брендті құру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан болатын.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстандағы McDonald's ("Food Solutions KZ" ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты қарашаның ортасында жұмысын тоқтатты.

Франчайзер ресейлік жеткізушілерден еттен жасалған котлеттерді сатып алуға тыйым салды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, McDonalds өкілдері қазақстандық өнімге көшуге дайын болған.

Бұл үшін жергілікті жеткізушілерге тиісті қымбат сертификаттар алуға тура келді.

Алайда компанияның стандарттарын енгізу біраз уақытты алды.

Қазақстанда McDonald's брендінің алғашқы мейрамханасы 2016 жылы ашылды. Осы уақыт ішінде Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында 24 McDonald's мейрамханасы ашылды.