https://sputnik.kz/20230122/zaysanda-qar-qursauynda-qalgan-7-adam-qutqaryldy-31344048.html
Зайсанда қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
Зайсанда қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған жолаушыларға көмекке келді. 22.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-22T18:23+0500
2023-01-22T18:23+0500
2023-01-22T18:23+0500
құтқарушылар
боран
https://sputnik.kz/img/1268/68/12686876_0:0:1152:648_1920x0_80_0_0_bdda4e49be26667995e04395ab63b22d.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған жолаушыларға көмекке келді.Кеше облыс аумағында қарлы боран соғып, бірқатар жол жабылған болатын. Боранның салдарынан Зайсан ауданында екі көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлады Altaynews.Облыстық ТЖД ақпараты бойынша, 22 қаңтарда сағат 05:40 кезінде Зайсан ауданына қарасты Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде 7 адам жолда қалған. Құтқарушылар жол талғамайтын техникамен көмекке келіп, 4 адамды Дайыр ауылына, 3 адамды Зайсан қаласына аман-есен жеткізіп тастады. Жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеген.Төтенше жағдай қызметі азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салады. Автокөлік ауа райына сәйкес жабдықталуы керек. Жолға шыққанда тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыздар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1268/68/12686876_288:0:1152:648_1920x0_80_0_0_091c3f9ed1bd6831539adee6aac61711.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құтқарушылар, боран
Зайсанда қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған жолаушыларға көмекке келді.
Кеше облыс аумағында қарлы боран соғып, бірқатар жол жабылған болатын. Боранның салдарынан Зайсан ауданында екі көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлады
Altaynews.
Облыстық ТЖД ақпараты бойынша, 22 қаңтарда сағат 05:40 кезінде Зайсан ауданына қарасты Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде 7 адам жолда қалған. Құтқарушылар жол талғамайтын техникамен көмекке келіп, 4 адамды Дайыр ауылына, 3 адамды Зайсан қаласына аман-есен жеткізіп тастады. Жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеген.
Төтенше жағдай қызметі азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салады. Автокөлік ауа райына сәйкес жабдықталуы керек. Жолға шыққанда тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыздар.