Тараз тұрғынының полициядан қашқан сәті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Тараз тұрғыны полициядан қашып бара жатып, жолдағы көлікті соққан. Оған қатысты 12 бірдей әкімшілік хаттама рәсімделді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, полицейлер қалада алдыңғы фаралары жанбай келе жатқан "Тoyota" көлігін тоқтатқан. Бірақ көлік иесі тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, қаша жөнелген. Содан жақын жерде жүрген барлық патрульге хабар беріледі. Ал көлік иесінің қашқан сәті және ұсталған жері видеоға түсіп қалған. Тәртіп бұзушы жол қиылыстарының бірінде басқа автокөлікті соғып кеткен.
"Жүргізуші қаланың шалғай аудандарының бірінде автокөлігін тастап, қашып кетпекші болған. Ұсталған 40 жастағы қала тұрғынына жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін бірден 12 хаттама толтырылды", - дейді полицейлер.
Жаңалықтар
0