https://sputnik.kz/20230122/qyzylordada-740-gramdyq-sabi-duniege-keldi-31343913.html
Қызылордада 740 грамдық сәби дүниеге келді
Қызылордада 740 грамдық сәби дүниеге келді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қызылорда облысының перзентханасында кішкентай Айдананы анасымен бірге үйіне шығарды. Сәбидің туған кездегі салмағы небәрі 740... 22.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-22T17:49+0500
2023-01-22T17:49+0500
2023-01-23T10:42+0500
шала туған нәресте
https://sputnik.kz/img/07e7/01/16/31339630_0:135:526:431_1920x0_80_0_0_78b1ce850e18dc258489420f4b82dcf1.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қызылорда облысының перзентханасында кішкентай Айдананы анасымен бірге үйіне шығарды. Сәбидің туған кездегі салмағы небәрі 740 грамм болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айдана жүктіліктің 23-ші аптасында дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, нәрстенің бойы 34 сантиметр, ал салмағы 740 грамм болған.Назерке Жаппасбаева сәбиімен бірге ауруханада 75 күн жатып шықты. Соның басым бөлігін нәрестелердің жансақтау бөлімінде өткізді. Соңғы үш апта ғана палатада болды."Негізі жүктілік жақсы өтіп жатқан. Бірақ 23 аптада кенеттен толғақ қысып, балам мерзімінен бұрын туды. Айдананың салмағы өте аз болған. Бірақ кәсіби мамандардың арқасында салмақ жинап, жақсы болып кетті", - деді Назерке.Екі айдың ішінде Айдананың салмағы 2 000 грамға дейін жетті. Артынан жағдайы жақсарды. Дәрігерлер оны анасымен бірге салтанатты түрде үйіне шығарып салды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/16/31339630_0:86:526:481_1920x0_80_0_0_138114f4820cb311af87a66b35af4ad5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шала туған нәресте
Қызылордада 740 грамдық сәби дүниеге келді
17:49 22.01.2023 (жаңартылды: 10:42 23.01.2023) АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қызылорда облысының перзентханасында кішкентай Айдананы анасымен бірге үйіне шығарды. Сәбидің туған кездегі салмағы небәрі 740 грамм болған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айдана жүктіліктің 23-ші аптасында дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, нәрстенің бойы 34 сантиметр, ал салмағы 740 грамм болған.
"Бұл бала туғанда бір парақ қағазға сыйып кететін еді. Оның тыныс алуы да қиын еді. Алайда біз ұжым болып, оның өмірі үшін күрестік. Анасы да бар күш-жігерін салды", - дейді перзентхана мамандары.
Назерке Жаппасбаева сәбиімен бірге ауруханада 75 күн жатып шықты. Соның басым бөлігін нәрестелердің жансақтау бөлімінде өткізді. Соңғы үш апта ғана палатада болды.
"Негізі жүктілік жақсы өтіп жатқан. Бірақ 23 аптада кенеттен толғақ қысып, балам мерзімінен бұрын туды. Айдананың салмағы өте аз болған. Бірақ кәсіби мамандардың арқасында салмақ жинап, жақсы болып кетті", - деді Назерке.
Екі айдың ішінде Айдананың салмағы 2 000 грамға дейін жетті. Артынан жағдайы жақсарды. Дәрігерлер оны анасымен бірге салтанатты түрде үйіне шығарып салды.