https://sputnik.kz/20230122/munay-onimderin-avtokolikpen-eksporttauga-salyngan-tyyym-alty-ayga-uzartyldy-31342309.html
Мұнай өнімдерін автокөлікпен экспорттауға салынған тыйым алты айға ұзартылды
Мұнай өнімдерін автокөлікпен экспорттауға салынған тыйым алты айға ұзартылды
Sputnik Қазақстан
Энергетика, қаржы, ішкі істер министрліктері және ҰҚК-нің бұйрығында республикада отын экспортына салынған тыйым алты айға ұзартылды деп жазылған 22.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-22T17:11+0500
2023-01-22T17:11+0500
2023-01-22T17:11+0500
бензин
дизель отыны
жанармай
https://sputnik.kz/img/365/59/3655992_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_ff90b06ec1a1fd8918b4e70a43fa4ff4.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйымды алты айға ұзартты, "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" 2023 жылдың 20 қаңтарындағы бұйрыққа энергетика, қаржы, ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары қол қойды.Құжатқа сәйкес, Қазақстаннан майлауыш майларды қоспағанда, автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салынады.Ішкі істер министрлігіне мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеуге көмектесу жөнінде тапсырма берілді.Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.Қазақстанда 2022 жылдың 12 шілдесінде автомобиль көлігімен бензинді экспорттауға тыйым салынып, кейін ол ұзартылды.20 қаңтарда дизель отыны мен бензин шекарада басқа мұнай өнімі деп көрсетіліп (мазут, пеш отыны, еріткіштер), заңсыз әкетіліп жатқаны хабарланды. Премьер-министр Әлихан Смайылов энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, отынды елден заңсыз әкетуге бақылауды күшейту және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/365/59/3655992_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d23ad09f7e96beaa4b172e55a0be9ddb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин, дизель отыны, жанармай
бензин, дизель отыны, жанармай
Мұнай өнімдерін автокөлікпен экспорттауға салынған тыйым алты айға ұзартылды
Энергетика, қаржы, ішкі істер министрліктері және ҰҚК-нің бұйрығында республикада отын экспортына салынған тыйым алты айға ұзартылды деп жазылған
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйымды алты айға ұзартты, "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" 2023 жылдың 20 қаңтарындағы бұйрыққа энергетика, қаржы, ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстаннан майлауыш майларды қоспағанда, автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салынады.
Ішкі істер министрлігіне мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеуге көмектесу жөнінде тапсырма берілді.
Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстанда 2022 жылдың 12 шілдесінде автомобиль көлігімен бензинді экспорттауға тыйым салынып, кейін ол ұзартылды.
20 қаңтарда дизель отыны мен бензин шекарада басқа мұнай өнімі деп көрсетіліп (мазут, пеш отыны, еріткіштер), заңсыз әкетіліп жатқаны хабарланды. Премьер-министр Әлихан Смайылов энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, отынды елден заңсыз әкетуге бақылауды күшейту және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.