https://sputnik.kz/20230122/aqsuda-iesi-bar-itti-atyp-ketken-mal-darigeri-zhauapqa-tartyldy-31341836.html
Ақсуда иесі бар итті атып кеткен мал дәрігері жауапқа тартылды
Ақсуда иесі бар итті атып кеткен мал дәрігері жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Ақсу қаласында итті дротикпен атып өлтірген мал дәрігері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер... 22.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-22T15:08+0500
2023-01-22T15:08+0500
2023-01-22T15:08+0500
қаңғыған иттер
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768019_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_c9b87dc48d8e97a3e81bfb65567cf08d.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Ақсу қаласында итті дротикпен атып өлтірген мал дәрігері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.Бұған дейін әлеуметтік желіде иттің иесі оқиғаның мән-жайын баяндаған болатын. Оның айтуынша, 18 қаңтарда қаңғыбас иттерді атып жүрген мамандар ауладан шықпаған итін өлтіріп кеткен. Әйел полицияның шағым қабылдамағанын мәлімдеді. Бұл оқиға Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылында болған.Ал ішкі істер министрлігі 20 қаңтарда Қалқаман ауылының полиция бөліміне арыз түскенін хабарлады. Әйел адам өзінің итін өлтірген белгісіз адамға шара қолдануды сұраған.Учаскелік полиция инспекторы материалды пысықтау барысында 18 қаңтарда Ақсу қаласының ветеринария бөлімі ауыл тұрғындарының арызы бойынша қаңғыбас иттерді дротикпен атқанын анықтады."Осы факті бойынша оқ атқан 24 жастағы мал дәрігеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-2 бабы бойынша хаттама рәсімделді. Оған 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды", - дейді полицейлер.Ал материалдық шығынды өндіру мәселесі бойынша сотқа жүгіну керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768019_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_75a3681dbe3bd0531ea18d217fc66c78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңғыған иттер
Ақсуда иесі бар итті атып кеткен мал дәрігері жауапқа тартылды
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Ақсу қаласында итті дротикпен атып өлтірген мал дәрігері жауапқа тартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына
сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде иттің иесі оқиғаның мән-жайын баяндаған болатын. Оның айтуынша, 18 қаңтарда қаңғыбас иттерді атып жүрген мамандар ауладан шықпаған итін өлтіріп кеткен. Әйел полицияның шағым қабылдамағанын мәлімдеді. Бұл оқиға Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылында болған.
Ал ішкі істер министрлігі 20 қаңтарда Қалқаман ауылының полиция бөліміне арыз түскенін хабарлады. Әйел адам өзінің итін өлтірген белгісіз адамға шара қолдануды сұраған.
Учаскелік полиция инспекторы материалды пысықтау барысында 18 қаңтарда Ақсу қаласының ветеринария бөлімі ауыл тұрғындарының арызы бойынша қаңғыбас иттерді дротикпен атқанын анықтады.
"Осы факті бойынша оқ атқан 24 жастағы мал дәрігеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-2 бабы бойынша хаттама рәсімделді. Оған 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды", - дейді полицейлер.
Ал материалдық шығынды өндіру мәселесі бойынша сотқа жүгіну керек.