Қазақстанда 145 теміржол желісі республика меншігіне берілуі мүмкін

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер провел заседание комиссии по демонополизации экономики Казахстана
Премьер провел заседание комиссии по демонополизации экономики Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 қаңтар - Sputnik. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында теміржол тасымалындағы өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары талқыланды.
"Отырыс барысында бірқатар жеке компанияның меншік иелерінен 145 кірме теміржолын республика меншігіне беру туралы ұсыныстар келіп түскені айтылды", - делінген хабарламада.
Үкімет басшысы осы шараларды іске асыру үшін барлық қажетті рәсімдерді жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар комиссия мүшелері мұнай-газ саласының кейбір инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстың барысын қарады.
Отырысты қорытындылай келе, Әлихан Смайылов жақын арада нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қаралған барлық мәселе бойынша рәсімдерді жеделдетуді тапсырды.
Жаңалықтар
0